АНА ТІЛІМ – ТҰҒЫРЫМ
МҰҚАЖАН А.
оқушы, Қазақ мәдени орталығы, Қ. Даржұман атындағы
Ұлттық жаңғыру мектебі, Павлодар қ.
АПУШЕВА А. А.
жетекші, Қазақ мәдени орталығы, Қ. Даржұман атындағы
Ұлттық жаңғыру мектебі, Павлодар қ.
Елбасымыз болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру»
бағдарламасында «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі,
ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», - деп бағыт
бағдарымызды айқын көрсетті. Сол себептен де менің таңдаған
тақырыбым «Ана тілім - тұғырым» деп аталады. Әлемдегі барша
дамыған халықтар сияқты қазақтың да дамуға, ілгерілеуге қақысы
да, мүмкіндігі де бар. Тіл – ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді,
сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде
жеткізіп отырады. Тіл – ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа
берілу арқылы жинақтаған бағасы жетпес мәдени байлығы. Адамзат
баласы ғасырлар бойы бір-бірімен тәжірибе алмасып өмір сүріп
келеді. Соңғы жылдары үштұғырлы тіл саясаты жөнінде көптеген
пікірлер айтылып жүр, яғни бала қазақ, орыс және ағылшын
тілдерін меңгеруі керек. Мен бұл бастамаға толық қосыламын,
үштұғырлы тіл саясатын, мен баланың ең алдымен мемлекеттік
тілді білуі деп түсінемін. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық
халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
Білім, ең алдымен, тіл арқылы игеріледі. «Тіл бесікте бекиді, үйде
қалыптасады, бойға ұялайды, шаңырақта шыңдалады, мектепте
дамиды, сөйлегенде жетіледі, жазғанда қалыптасады» деген
Асылы Османованың сөзімен толық келісемін. Тілді шұбарлау –
арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам – ана тілін
құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды,
қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Бүгінгі
күні тілді жетік, жақсы деңгейде меңгеретіндер өте аз, оған
себеп жастардың ана тілінде кітап оқымауында, теледидарды
қоссаң - түрік пен үнді сериалдары, мультфильмдер де орыс
тілінде. Басқа елдің салт – дәстүрін білу керек шығар, бірақ әр
нәрсенің шегі болу керек сияқты. Ана тілдің терең иірімдеріне
бойлай білу - саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші
парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу
деген сөз. Сонау қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларымыз осы
тілімізді сақтап қалу үшін өз жандарын құрбан еткен. Сонда біз
соны бағалай алмағандығымыз ба? «Қолда барда алтынның қадірі
жоқ» деген мақал бекер айтылмаған. Қазір бәріміз бейбіт, тыныш
заманда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ қолда бар асылымыз тілімізді
бағалай алмаймыз. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті
бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» деп
Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай, айрандай ұйыған береке
бірлігімізді сақтап, тәуелсіз Отанымыздың болашағын жарқын
ету үшін, тілімізді қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Осындай тілде
сөйлеу, өмір сүру әр қазақстандық үшін әрі мәртебе, әрі міндет.
Мен «Нұр Ана» Қазақстан Мұсылман әйелдері лигасы Павлодар
облыстық филиалының төрайымы Б. Ш. Максилова және «Нұр Ана»
ұжымындағы апалардан да өзіме қажетті тіл туралы мәліметтер
алдым. Олардың тіл туралы пікірлерін тыңдадым және де мені
Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі тәрбиеленушілерінің
қарым – қатынасы мені қызықтырады. Олардың Отанға деген
құрметтері және тіл үйренуден де қатардан қалмауы таң қалдырады.
2013 жылы өткен дөңгелек үстелде «Полония» этномәдени
орталығының төрағасы В. З. Свинцицкий: «Тәуелсіздік алғанымызға
22 жыл уақыт өтті, осы жылдар аралығында ай сайын бірнеше
қазақша сөзден үйренсек, бүгінгі күні қаншама сөз білуші едік» деп
өкінішін білдірген еді. Бүгінгі күні тіліміздің тұғыры әлі де бекімей
тұр. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп ұран тастап, бұл іске
ерекше мән беріп, бастама көтерген Елбасымыз «Қазақстанның
болашағы – қазақ тілінде» деген ұстанымын ұдайы айтып келеді.
Шынында да, мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекет
өз тарапынан жасалуға тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр. Жыл
сайын дерлік тіл дамытуға миллиардтап теңге бөлініп жатыр.
|