«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 280
281
ауылында [9] 138 екі пәтерлік тұрғын үй төменгі сапамен салынды.
Бос тұрған құны 51,6 млн.теңгелік 18 пәтер тұруға жарамсыз,
жөндеу жұмыстарын қажет етті.Солтүстік Қазақстан облысында
құны 42,0 млн.теңгеден астам соманы құрайтын бір пәтерлік
10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмай қалды.
Бағдарламада ұсынылған тұрғын үйді жинақтау жүйесі
арқылы үй сатып алу тетігі тиімсіз болып қалды. Бағдарламаның
қатысушыларының еңбекке араласу дәрежесінің төмендігінен
олардың «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
АҚ-мен [10] жасасқан 1760 шартының 1553-і бүгінде 1222,7 млн.
теңге қарызымен проблемалық мәселе болып табылды. Осыған
байланысты Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысына
жұмсалған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылу
мәселесі шешілмеді.
Перспективалық гипотезалар:
9
Қытай мен Монғолиядағы қазақтар атажұртқа өздерінің
жекеменшік малдарын алып өткісі келеді. Осы екі елдегі
қазақтардың ежелгі асыл тұқымды малдары жақсы сақталған.
Оларды Қазақстанға әкеліп өсіру өте тиімді. 1990 жылдардың
басында Монғолиядан «Семей импорт» арқылы мал өткізіліп,
кейін тоқтап қалды. Егер өз малдарымен келсе Қазақстанға өте
тиімді болар еді. Бұған Қытай, Монғолия жақтарынан кедергі
жоқ. Ал қарсылық, керісінше, Қазақстанның Ауылшаруашылығы
министрлігінің Малдәрігерлік қызмет мекемелерінің және Ресей
елі тарапынан болып отыр. Олар жұқпалы ауру болуы мүмкін
деген сылтаумен малды шекарадан өткізуге қарсы. Қытай мен
Монғолиядан қазақтың ежелгі малын өткізгенше Америкадан тауық
етін әкелген жөн деп есептейді. Бұл ретте Ауылшаруашылығы
министрлігіндегілер Америкадан тауық етін тасумен айналысатын
жекеменшік фирмалардың мүддесін көздейді деген әңгімелер де
айтылады. Мүмкін, ол рас та шығар. Әйтеуір, қалай болғанда да,
Қытайдан тамақтың да, заттың да неше түрін әкелгенде қазақтың
өз малын өткізуге неге тиым салынатыны түсініксіз. Монғолиядан
мал кіргізуді де қайта жолға қою керек деп есептейміз.
9
Оралмандарға қатысты және бір үлкен мәселе – тұрақты
тіркеуге тұру. Қазіргі кезде оралмандарды көші-қон квотасына қосу,
азаматтық беру оп-оңай, тек олардың Қазақстанда тұрақты тіркеуі
болса жетіп жатыр деген әңгіме барлық жерде жиі айтылады. Яғни,
оралмандар тұрақты тұратын жерді өздері тауып, өздері тіркелулері
керек. Ал Қазақстанға жаңадан келген адам тұрақты тұратын жерді
қайдан табады?. Оларды өз үйлеріне кім тіркеуге тұрғызады?. Міне
осының салдарынан алыстан келген ағайын тұрақты тіркелетін жер
таба алмай, квотаға кіретін, азаматтыққа өткізетін құжат жинай
алмай ұзақ уақыт әуре-сарсаңға түседі. Тіпті, бұл мәселені шеше
алмай, еріксіз кейін қайтып кетіп жатқан қазақтар қаншама! Осы
мәселені бір жүйеге түсіріп реттейтін уақыт әлдеқашан келді. Яғни,
шетелден келген оралмандарды тұрақты тіркеу мәселесін шешуді
Көші-қон мекемелері өз мойындарына алулары керек.
9
Тағы бір күрделі мәселе – оралмандарды жермен қамтамасыз
ету. Қазір оралмандарға бөлінетін квотаның саны жиырма мың
отбасына жетті. Бірақ сол жиырма мың отбасының қаншасы үй
салатын жер телімдеріне қол жеткізеді?. Оларға егін егіп, мал
өсіретін жер бөлу мәселесі қалай шешіледі? Осы мәселені дұрыс
жолға қою.
9
Несие алу, баспаналы болу ең үлкен мәселе. Мүмкіндігінше
аз мөлшердегі несие алуларына көмектесіп, баспаналы болуына
жағдай туғызу аса қажет.
9
Бүгінгі таңда көші-қонға қатысты жұмыстардың ішінде
ерекше артта қалып отырған – көші-қон процесінің қолданыстағы бар
құқықтық-заңдық негіздерін жұртшылыққа, әсіресе, оралмандарға
терең әрі жан-жақты насихаттап, түсіндіру. Соған орай оралманның
шекарадан өткен сәтінен бастап, азаматтық алып, орналасып,
жұмыс істеп кетуіне дейінгі бүкіл шаруалары барынша тез, оңай
іске асуы керек.
9
Квота бойынша жәрдемақы алып, бірақ өздері Қазақстанға
келмей қалатын немесе қайтып кететін адамдардың заң алдындағы
жауапкершілігін нақтылау керек.
9
Бұрын келіп күні бүгінге дейін квота ала алмай жүрген
адамдардың барлығының өтінішін қанағаттандырып, нүкте қоюды
мақсат етіп отырған Көші-қон комитетінің жоспарымен қоса жаңа
заң жобасын қабылдау керек.
Бұл мәселелерді толық шешуге жалғыз Көші-қон комитетінің
шамасы келмеуі де мүмкін. Сондықтан бұған құқық қорғау
органдары белсене ат салысулары керек деп ойлаймыз.
«Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасының көздеген мақсаты
игі, бірақ жақсы жобаның көш керуенді дұрыс бағытқа бағыттай
алмаған тұстары да байқалды.
Бағдарламаны іске асырылу тетіктері төмендегідей деп
қорытындылаймыз: