«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет195/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
278
279
ТМД елдерімен (Ресей Федерациясын, Беларусь Республикасы 
мен Украинаны қоспағанда) оң көші-қон сальдосы сақталды. 
Көші-қон шығыны да қысқарып келеді: ол Ресей Федерациясымен 
1999 - 2007 жылдар арасында - 3 есеге; Белоруссиямен - 6 есеге, 
Украинамен - 7 есеге төмендеді. Алайда 2007 жылы [3]: 
¾
алдыңғы жылмен салыстырғанда (1992-1997), көші-қонның 
оң сальдосы үш еседен астам (11 мың адам) қысқартылды;
¾
көшіп кету көбейген - 42,4 мың адам Қазақстаннан шетелге 
кеткен, бұл 2006 жылғыдан 20 %-ға артық. Бұл ретте көшіп 
кетушілердің негізгі бөлігі (71 %) - еңбек жасындағы адамдар;
¾
көшіп келу азайған - Қазақстанға 53,4 мың адам келді, бұл 
алдыңғы жылғы деңгейден 20,0 %-ға төмен. Негізгі шығу елдері: 
Өзбекстан (көшіп-қонушылардың 47 %), Ресей (20 %-дан астам) 
және Қытай (11 %).
¾
Келген оралмандардың жартысынан астамы - еңбек 
жасындағы адамдар (54 %), 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі - 
41 % және шамамен 5 % - зейнеткерлер. 
Білім деңгейі бойынша: 33,1 мың адамның (9,2 %) жоғары 
білімі, 5,2 мыңнан астам адамның (1,4 %) аяқталмаған жоғары 
білімдері бар. Әрбір бесінші адамның - орта арнаулы, 233, 7 мың 
адамның (65 %) - жалпы орта білімі және шамамен 14 мың адамның 
(3,9 %) білімі жоқ [7]. 
Соңғы уақытта ішкі көші-қон процесі жанданды. 1991 - 2007 
жылдары облысаралық және облыс ішіндегі көші-қон процестеріне 
4,7 млн. астам адам қатысты [5]. 2006 - 2007 жылдардың 
қорытындысы бойынша көші-қонның кері сальдосы, Қарағанды 
және Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 
басқа, республика облыстарының барлығында орын алған. 
Қазіргі уақытта ішкі көшіп-қонушылардың саны жылына
3000 мың адам деңгейінде тұрақтады. Көшіп-қонушылардың басым 
бөлігі - ауыл тұрғындары. Қабылданған шаралар мен белгілі бір оң 
қадамдарға қарамастан, көші-қон процестерін реттеуде бірқатар 
елеулі проблемалар сақталуда. 
Көші-қонның оң сальдосы төмендеуде. Бұл орайда, көші-қон 
шығыны, әсіресе білікті мамандардың арасындағы шығын ерекше 
алаңдаушылық туғызады. Мысалы, соңғы 3 жылда жоғары білімді 
адамдар бойынша кері көші-қон сальдосы 4,7 мың адамды құрады [7]. 
Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму 
стратегиясына сәйкес Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық 
даму осьтері Бағдарламаға қатысушылардың негізгі орналастыру 
макроаймақтары болып табылады. Бағдарламаға қатысушыларды 
макроаймақтардың ішінде қоныстандыру: 
¾
ұлттық және өңірлік деңгейдегі көшбасшы және тірек 
қалалардың айналасында. Өзіне тән экономикалық мамандануы 
мен дамыған жергілікті еңбек нарығы бар шағын серіктес қалалар 
желісін қалыптастыру қарастырылды. Есеп бойынша көшбасшы 
және тірек қалаларда 45 серпінді жобаны іске асыру үшін кемінде 
390 мың қызметкер қажет болады [5]; 
¾
даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде. 
Бұл елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығы Солтүстік аумақтық 
даму осі бойынша - 342,2 мың адамды, Оңтүстік ось бойынша - 898,6 
мың адамды, Орталық ось бойынша - 77, 7 мың адамды құрайды [7].
2009-2011 жылдар кезеңінде Бағдарламаға қатысушы 3269 
отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздеді [1]. Қоныс 
аударушылардың бірыңғай тұруына арналған құрылыстарға 
ерекше мән берді. Бұл ретте оралмандардың тікелей қатысуымен 
үлгі қоныстар салу тәжірибесі қолданылған. Құрылыстың бұл 
түрінің артықшылығы құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік 
құнының темен болуын және оралмандардың жұмыспен қамтылуын 
қамтамасыз етті. 
2009 жылы осы Бағдарлама шеңберінде 2008 жылы «Сарыарқа», 
«Ертіс» және «Оңтүстік» ӘКК-тың жарғылық капиталына 
аударылған қаражат есебінен Бағдарламаға қатысушылар қатарынан 
1051 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген пилоттық 
жобалар Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр 
ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында және 
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында іске асырылды. 
Кездескен проблемалар. Бағдарламаның орындалуы іс 
жүзінде фрагментарлық спипат алды. Оның шараларын іске 
асыру барысында тиісті мониторинг және ведомствоаралық өзара 
іс-қимыл ұйымдастырылмады. 21 іс-шараның 9-ы орындалды
3-уі орындалмады, 9 іс-шара ішінара, кешіктіріліп және сапасыз 
орындалды. 2009-2011 жылдары Бағдарлама шеңберінде 2567 
этникалық иммигранттардың отбасына тұрғын үй берілді. Бұл ретте 
ішкі мигранттар Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылмады [9].
Қоныс аударып келушілерді үй-жайлармен қамтамасыз ету 
өзектi мәселе болып қалып отыр. Бағдарлама шеңберінде жалпы 
құны 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға салынған 3223 пәтердің 622 
пәтеріне ел қоныстанбады. Ақмола облысындағы Красный Яр 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет