«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет203/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
290
291
жылдар бойы діннен алшақ қалған халқымыздың дін еркіндігіне 
қауыштыру арқылы, ел тыныштығы сақтауды, рухани өмірін 
жетілдіруді көздеді. Өкінішке орай, Заңнамада қатаң нормалардың 
қарастырылмағандығы салдарынан жат діни ағымдардың ықпалы 
күшейе түсті. Әсіресе өтпелі кезеңнің қарсаңында әлеуметтік 
тұрғыдан қорғалмаған мыңдаған жастарды, радикалды бағыттағы 
дәстүрлі емес діни топтар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін 
таптырмас қару ретінде қолданды. Бұл жағдай дәстүрлі діндердің 
халық арасындағы беделіне, оларға деген қоғамдық көзқарасқа кері 
әсерін тигізді. 
Халықтар арасындағы ынтымақ пен татулыққа, бірлік пен 
бауырластыққа сызат түсірер діни фанатизмге, араға жік салуға 
жол бермеу мақсатында мемлекетіміз 2011 жылдың 11 қазанында 
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер 
туралы» Заңында қабылдады.
Бұл дәстүрлі қазақ мұсылмандығын қалыптастырған сунниттік 
ханафи мазхабының әрі қарай дамуына ықпал етеді, әрі жат діни 
ағымдар қызметіне де белгілі бір дәрежеде шектеу салады.
Халқымыздың бейбіт әрекет ете білуі және ел тыныштығын 
бұзатын келеңсіз жағдайлардың орын алмауы үшін осы Заңның
3 бабы 10-15 тармақтарында: дiни негіздегі партиялардың 
қызметіне, мақсаттары мен іс-әрекеті мемлекетте бір дiннің 
үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе 
зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-
әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты 
қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың 
қызметiне, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген 
тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, Діни 
бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын 
діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының 
(мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға 
мәжбүрлеуге, дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, 
мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, 
олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық 
деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және 
іс-әрекеттер жасауға жол берілмейтіндігі атап көрсетілген.
Бұл заңнама мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара 
қарым-қатынасында үйлесімдікті сақтауға, діни экстремизм мен 
лаңкестік әрекеттерге қарсы тұруға, миссионерлік әрекеттердің 
бақылаусыздығының алдын алуға мүмкіндік беріп, Қазақстан 
халқының тыныштығының, бейбіт өмір сүруінің негізгі кепілі 
боларына сенімдіміз. 
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер 
туралы заңнамасы
1 Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының 
Конституциясына егізделеді және осы Заң мен Қазақстан 
Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық 
2 Eгep Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық 
шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, 
онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге 
табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, 
ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып 
бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан 
елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін 
жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы 
кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» деп елді бірлікке шақырып 
отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - 
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен 
ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес. Сондықтан бәрімізге 
қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және 
дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. 
Қазіргі таңдағы ең маңызды мәселенің бірі – қоғамдағы 
діннің рөлі, еліміздегі діни ахуал, діни сенім қоғамдық сана мен 
мәдениетімізде үлкен орынға ие. Сонымен қатар, шын мәнінде 
діннің рухани қуаты, ғасырлармен шыңдалған адамгершілік 
қағидалары ел бірлігі мен адамдар татулығының, әсіресе жастардың 
рухани, моральдық тәрбиесінің қайнар көзі болып табылатындығын 
айта отырып, мемлекеттік деңгейдегі осы маңызды мәселелерге 
байланысты мемлекет, қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес 
ұйымдар тарапынан жастардың тәрбиесіне кері әсер беретін жат 
діни ағымдардың мәнін түсіндіру және діни экстремизмнің алдын-
алу шаралары туралы іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруда.
Әрине, ауыз толтырып айтар шаруа жеткілікті. Десе де, осы 
салада жетістіктерімізге қоса көлеңкелі жақтарымыз да жоқ емес. 
Оған себеп еліміздің төрінен орын алған түрлі ағымдардың бой 
көрсете бастауы. Олардың кейбірі сан ғасырлар бойы санамызға 
сіңген дәстүрлі дінімізден азғырып, даурығып, құлағымыз бен 
құлқынымызға жат пікірлерді тықпалап адастыруда. Оны әдетке 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет