«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 288
289
желілер, медиа-аспаптар және т.б. Қазақстандағы экстремизм мен
терроризм сөзсіз діни сипат алады деп кесіп айту – қате және әдепті
емес. Бірақ, бұл жерде, тәжірибе көрсеткендей, қолайлы және
тиімді болып табылатын жалған дінилік бүркемелену-«бетпердесін»
пайдалану айғағы даусыз. Сонымен қатар, дінтану саласындағы
көрнекті мамандар, әрбір адам, тіптен атеист пен агностик болсын,
шындығында – homo religiosus, дінге немесе оның суррогатына
аса мұқтаж екендігіне сенеді. Негізгі жалпы көріністе, экстремизм
қоғамдағы өмір сүріп тұрған ережелер мен нормаларды радикалды
түрде теріске шығаратын өрескел әрекеттер мен көзқарастар жолын
ұстаушылар болып сипатталады. Қоғамның саяси саласында көрініс
табатын экстремизм, саяси экстремизм деп аталады, діни салада
орын алған экстремизм діни экстремизм деген атауға ие болған.
Сонымен қатар, жуық арада «діни-саяси экстремизм» деген термин
кең түрде халық арасына жайылды. Кез-келген діни конфессияда
(тек исламда ғана емес), әлеуметтік қалыптар мен нормаларды жек
көретін, сол діни бағытқа сәйкес келу мен оны түсінудің шеңберіне
сыймайтын, осындай немесе басқаша формалар потенциалды
түрде орнықтырылған. Жеке діни ұйымдар мен қозғалыстар үшін
бұл өздігінен діни экстремизмге ауысады. Дін оларға барлық
діндар еместерге қарсы шығу мен наразылық үшін негіздеме
береді. Сондықтан адамзат тарихының әртүрлі дәуірінде, түрлі
елдерде, «діни экстремизм» сан түрлі дін тұту аясында тұтанды.
Қазіргі заманғы экстремизм (мысалға, уаххабизм формасындағы
исламдық) байыпты таралуды бастан өткізді және мұсылмандық
елдер арасындағы шекараны мойындаймайтын тұтас мемлекет
Осы тұрғыда Қазақстан ТМД Терроризмге қарсы күрес
орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Терроризмге қарсы
аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі бола отырып,
терроризм мен экстремизмге қарсы күрес желісінде халықаралық
ынтымақтастықты белсенді түрде дамытты және дамытып келеді.
Бүгінгі таңда халықаралық терроризм және діни экстремизм
асыл дініміз – исламға да залалын тигізуде. Террористер – Құранның
негізгі қағи даларын да білмейтін діни сауатсыз адамдар. Зорлық-
зомбылықтың барлық түрі Ислам нанымына қайшы келеді.Алла
тағала адамдарға өзі белгілеген шектен шықпауды бұйырды және
жерде зұлымдық жасауға, әділет сіздікке, зорлыққа, өлтіруге және
қан төгуге тыйым салды. Бұған байланысты қасиетті Құранда
«…Алла өзі қойған шектен шыққандарды ұнат пайды» деген аят бар.
Біз діни экстремизмнің алдын алу бағыттарының бірі ретінде
Қазақстан қоғамында діни сауаттылықты арттыруға ерекше мән
беруіміз керек. Қазақстандықтар діни көз қарасының әркелкілігіне
қарамастан, зайырлы елімізде имансыздық, діни ой-пікірлердің
радикалдануы секілді шектен шығушылықтардың таралуына жол
бермеу жолында бірігуі керек [7].
Республикадағы діни ахуал жалпы алғанда тұрақты екенін атап
өткен жөн. Арине қуантарлық жайт, дейтұрғанмен асыл дінімізді
бұқараға БАҚ арқылы насихаттау барысында көптеген нәтижелі
мақалар жарияланып тұрса, дініміздің еңмаңызды құндылықтарын
насихаттайтын видео роликтерді жариялауды молырақ іске асырса,
діни тұрақтылықты қолға алу жұмысы оң нәтиже беретініне сенімім
мол. Дін экстремизмнің және тер роризмнің ешбір формасын
қабылдамайды. бермеуі қажет. Адамдардың діни білімі тек халық
игілігі мен қор шаған ортасының мүддесі үшін жұмсалуы керек.
Бүгінгі күні мектептегі дінтану негіздері пәнінің маңызы зор.
Оқушылардың бойына діни санасы мен діни білімін қалыптастыру
– бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Алайда, Кеңес
дәуірінде елімізде дінтану ғылымының негізі қаланбаған болатын.
Осының әсерінен алғашқыда біздің еліміз теолог - мамандарға
аса зәру болды. Қазір де шынайы дінтанушылар тапшы десек,
қателеспейміз. Ал пәнге арналып жазылған оқулыққа да көңіліміз
тола қойған жоқ. Ғарифолла Есім жетекшілік еткен топтың жазып
шыққан оқулығында жалпы дінтану жайлы көбірек айтылды.
Яғни, бұл оқулық белгілі бір деңгейде жақсы жазылған еңбек
болғанымен, қоғамның сұранысын толық қанағаттандыра
алмайды. Оқулықтардағы әлсіз мәліметтердің діни экстремистік
ақпараттарға антивирус қалыптастыра алмайтынын елімізде
орын алған соңғы оқиғалар дәлелдеп берді. Бірақ биылғы
оқу жылында жаңа форматтағы оқулық шықты авторлары:
Д. Т. Кенжетаев, Ә. Ә. Сайлыбаев, О. Ө. Тұяқбаев. Бұл оқулықтардың
негізгі айырмашылығы заннама мәселесі көбірек қосылған. Діни
кітаптар шығарып жүрген бұрынғы Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы
Дербісәлі осы уақытқа дейін 10-ға жуық үлкенді кішілі кітаптар
жазған екен. Негізгі тақырыбы исламның адамгершілік, ынтымақ
пен бірлік діні екендігі, ислам ғылымы жайында жазылған еңбектері
бар. Жан-жақтылық танытып осындай тура жолдағы діни әдеби
оқулықтарды оқып жүруіміз шарт [8].
Тәуелсіз Қазақстан 1992 жылдың 15 қаңтарында «Діни сенім
бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңын қабылдап,