«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 298
299
Интернет-дүкендердің артықшылықтары:
Тауарлардың бағасы біршама арзан болады. Себебі интернет-
дүкенді құру, қарапайым дүкенді тұрғызғаннан біршама арзан.
Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына, залдағы сауда жабдықтарына,
электр энергиясына, коммуналдық қызметтерге және т.б. шығын
бойынша дүкен иесі ақы төлемейді [5, 10 б.].
1) Интернет дүкендердің ең бір анық артықшылығы –
уақыттыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сіз қажет тауарды
іздеу және оны алып келуге біршама уақыт жоғалтасыз. Ал
интерне-дүкеннің көмегімен үйде отырып-ақ тапсырып жасауға
болады. Дүкендердің жұмыс кестесі бойынша өз жоспарыңызды
өзгертпейсіз. Себебі олар тәулік бойы және демалыссыз жұмыс
атқарады. Кассада төлем жасау үшін кезекте тұрмайсыз. Интернет
дүкенде тапсырыс жылдам және жеңіл түрде іске асады.
2) Тауар туралы анық ақпарат ала аласыз. Қарапайым
дүкендерде тауар жөніндегі кеңесшілерге көптеген сұрақтарыңыз
қоюға тура келеді. Сонымен қатар, кеңесші тауар туралы ақпаратты
толық білмейтін жағыдайлар жиі ұшырасып жатады. Ал интернет-
дүкендерде тұтынушылардың тауарға берген бағасы мен пікірлерін
оқи аласыз.
Интернет дүкендердің кемшіліктері:
3) Барлық интернет-дүкендердің кемшілігі – ол тауарды қолға
алып, ұстап көре алмау мүмкіндігінің жоқтығы.
4) Тағы бір кемшілігі, сізге өте қажет болып тұрған тауарды,
жеткізуді тағатсыздана күту. Алайда бұл кемшіліктің өзіндің
оңтайлы жағы да бар. Себебі біз қарапайым дүкендерде жүрген
кездерде, түр түсіне қарап қызығып, керексіз заттарды сатып
алып, артына осы затты не үшін алдым деп өкініп жататын кездер
жиі кездесіп жатады. Ал, интернет-дүкен арқылы тауарды алатын
болсақ, тапсырыс келмес бұрын, сіз бірнеше рет ой елегінен өткізіп,
тіпті сатып алудан бас тартуыңызда мүмкін.
5) Кейбір адамдар, интернет-дүкеннің операторларымен
жеткізу орыны және уақыты туралы келісудің қажеттілігі өзіндік
ыңғайсыздық тудырып жатады.
Сенімді және жақсы интернет дүкеннің ең бірінші белгісі –
Google, Yandex, Rambler және т.б. танымал іздеу желілеріндегі
рейтингтегі алатын жоғары орыны. Тауарлардың ассортиментінің
көптігі. Берілген тауарға кепілдіктің болуы. Сенімді интернет-
дүкендерде нақты мекен-жайы мен байланыс көздері туралы ақпарат
бүкпесіз жазылады. Сондай-ақ төлем жасау мен жеткізу әдістері
туралы толық ақпарат көрсетіледі. Жақсы интернет дүкеннің
маңызды көрсеткіші болып кері байланыс табылады.
Қазақстандағы онлайн-бизнес. Электронды сауда түсінігі
Қазақстанға 2005 жылдардан бастап ене бастады. Осы уақыттан
бастап 10 жыл ішінде кәсіпкерлер ғаламторда өз парақшасын
ашып, кәсібін виртуалды әлемде ұсынуды үйренді. Дегенмен
қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтың сөзінше, елімізде
интернет-бизнестің 90 пайызға жуығы міндетті түрде жабылып
қалады екен. Оған себеп – тұтынушылардың көпшілігі ғаламтор
дүкендерінің саудасына сенбеуі. Сондықтан да Қазақстан ғаламтор
қауымдастығының атқарушы директоры Әсет Нұрпейісов
оффлайнды витруалды дүкенге алмастырмас бұрын, алдымен
сақтық шараларын қарау керек дейді.
«Бұл үлкен мәселе. Себебі, компьютердің арғы бетіндегі
адамның алаяқ екендігін бірден ажырату қиын. Егер сенім
болмаса, онлайн дүкеннің парақшасына назар аударып, қай
күні пайда болғанын, қанша адам сауда жасағанын қарау керек.
Тұтынушылардың қалдырған пікірлерін оқыған жөн», – деді ол
[5, 25 б.].
Онлайн-бизнестің тез арада жабылып қалуының тағы бірнеше
себебі бар:
– Нарықтағы бағаға шамадан тыс оптимистік көзқараспен қарау;
– Капитал айналымының жетіспеушілігі;
– Инвесторлар қызығушылығының болмауы;
– Тұтынушылар қызығушылығының болмауы;
– ІТ құралдарын артық пайдалану;
Қазақстандағы электрондық сауда-саттықтың ерекшеліктері
ретінде мынадай мәліметтер келтіреді:
– Қазақстандық интернет пайдаланушыларының 11 пайызы
интернет арқылы қызметтер үшін есеп айырылысады, тағы
11 пайызы интернет арылы тауар сатып алады;
– Қазақстандықтардың интернетте жасайтын саудаларының
90 пайызға жуығы шетелдік интернет-дүкендерде жасалады;
– Қазақстандағы e-commerce нарығының басым бөлігі «Air
Astana» мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі;
– Көбінесе баннерлік жарнаманың үлесі басым;
– Интернет-жарнама – жарнама нарығының 4 пайызын
құрайды;
– Қазақстандағы e-commerce нарығының көлемі 400 миллион
доллардан асады;