«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет204/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
292
293
де айналдырған сыңайлы, ал шындап келгенде, мұның барлығы ел 
ынтымағына, береке-бірлігімізге зиян екені белгілі..
Енді діни экстремизмнің қандай қауіпті жақтары бар деген 
мәселе төңірегінде ойлансақ. Соңғы жылдары әлемде қауіпсіздік 
деңгейінің төмендей түскендігі байқалуда. Осы аймақта орналасқан 
мемлекеттердің көпшілігінде экстремисттер билікке қол жеткізу үшін 
қарулы қақтығыстарға баруда. Оның салдары біздің елде де білініп 
отыр. Елімізде жергілікті керітартпа ислам топтары бой көрсетіп, 
дінге сенушілерді ресми рухани басқармаға қарсы қоюға тырысуда. 
Діни экстремизмді жете бағаламау, оның көріністеріне тиісті қарсы 
қимыл қолданбау өкінішті салдарға әкеліп соқтыратындығын әлемде 
болып жатқан экстремизмдік тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан, 
осы мәселені шешуде мемлекет пен қоғамдағы барлық мүмкіндіктер 
кешенін пайдалана отырып, әсіресе, жастар алдында рухани тәрбие 
беруді қолға алуымыз тиіс. 
Қазіргі таңда жастарымыздың көбісі дінге бет бұрып жатыр. 
Бәрін жақсы деугеде болады, десек те басқа да жат діни ағымдарға 
бет бұрған жастар да кездеседі. Сол жат ағымға еру себептерінің 
бірі – ақпараттық кеңістіктегі діни бағытта жұмыс істейтін алуан 
түрлі тематикалық сайттар да бар. Бәрі де сол дәстүрлі бағытты 
үгіттегенімен арасында адастыратын сайттар да кездесіп жатады. 
Жастар, әсіресе осы діни тақырыптарға байланысты сұрақтар 
туындағанда қай сайттың ақ екенін немесе қара екенін ажырата 
бермейді. Осындай ара жікті ажырата алмау себептердің салдарынан 
дәстүрлі дінімізге көзқарастары өзгеріп түрлі жағдайларға барып 
жатады. Бұл жағдайда мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін бірден-
бір дұрыс шешім сайттарға қатаң бақылау жүргізіп, ушықтырған 
жағдайда заң арқылы тыйым салынуы тиіс [9].
Сонымен қатар, теріс пиғылды діни ағымдардың белсенділігін 
төмендету және елімізде таралған дәстүрлі ханафи мазхабының 
құндылықтарымен қатар ислам білімін жастар арасында насихаттау 
мақсатында, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының сайты-
www.muftyat.kz, «Нұр Астана» мешітінің сайты - www.ummet.kz, 
Алматы орталық мешітінің сайты - www.meshit.kz сияқты дәстүрлі 
сайттардың мүмкіндіктерін күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, жалпы 
халықтың, соның ішінде жастардың діни біліктілігін арттыру және 
кері ағымдардың салтымызға, дініміз бен ділімізге тигізетін теріс әсері 
туралы дін өкілдерінің қатысуымен республикалық және облыстық 
телеарналарда арнайы сұхбаттар жүргізу қажет. Теріс пиғылды ағымдар 
өкілдерінің өз көзқарасын ұстануда қателіктерге ұшырығандарын 
нақты мысалмен көрсету және халыққа жеткізу мақсатында 
«Адасқандар» сияқты деректі фильмдердің санын көбейте отырып 
телеарналардан көрсету. Ең бастысы – бұл мәселенің мемлекеттің 
бақылауында тұрғанын кез келген діни бірлестік түйсінуі керек. Осы 
сайттарды қолға алумен шектелмей, ұлттық құндылықтарымызды 
және жастар тәрбиесін қолға алу қажет.
Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті 
болып келген. Жас ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің ұлттық 
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі ретінде 
ұғыну қажет. Қазақстан Республикасының Ата Заңында тәрбие 
жұмысына тікелей байланысты негізгі міндеттер бекітілген. ҚР 
Ата Заңының (12, 27, 28, 29, 30-баптары), ҚР «Білім беру туралы», 
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы 
туралы», «Отбасы түріндегі балалар ауылы және жасөспірімдер 
үйлері туралы» т.б. білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық 
және жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тұлғаның кәсіби 
өсуі мен дамуы, қалыптастырылуы үшін қажетті жағдайлар жасау, 
баланың тәрбие мен білім алуға, жан-жақты дамуға, ана тілін, 
мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауға, әлем мәдениетінің 
жетістіктерін меңгеруге, ақпараттандыру және денсаулығын 
нығайту бала құқығын дамыту.
Халық «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге 
болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер 
айтпаған. Сондықтан да баланың бойына жастайынан ізгілік, 
мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік сияқты құнды 
қасиеттерді сіңіртуде, тәрбиелеуде отбасы үлкен рөл атқарады.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге 
баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген 
секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар 
адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, парасатты болады. 
Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. 
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, 
намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, 
қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына 
сіңірту керек. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, 
иманды болуға, адамгершілікке баулуға үйрету қажет.
Сонымен бірге терроризм қаупін дұрыс бағаламай, оны елемей 
және жекелей алынған елде қауіптің өзін жоққа шығаруға болмайды. 
Бірақ терроризмді асыра бағалауға да болмайды, қоғамда дүрбелең 
салып және үрей мен қорқыныш ұялатып, қоғамдық резонанс әсерін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет