ҚAЗAҚCТAНДAҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ
ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?
СИСЕНОВА М. М.
оқушы, Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Шымкент қ.
ШАЛАБАЙ Г. Ш.
жетекші, Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Шымкент қ.
«Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі
2030 жылға қарай екі есе өсуі тиіс. Ал 2050 жылға қарай бұл сектор
басымдықты болады», - деп елбасымыз атап көрсеткен болатын
[16]. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстан
үшін жоғарғы экономикаға өтудің негізгі жолының бірі. Тәуелсіздік
алғалы бері мемлекет кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау үстінде.
«Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы» бойынша - жаңа
бизнес бастамаларын қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру,
өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты
үш бағыт бойынша жүзеге асырылады [17]. Бұдан басқа Үкіметтің
кәсіпкерлерді қолдауға арналған Сыбаға, Мурабаха, бизнестің жол
картасы - 2020, жұмыспен қамту жол картасы - 2020, Өнімділік
- 2020, Агробизнес - 2020, Экспортер - 2020 Инвестор – 2020,
инновациялық гранттар, жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары
жүзеге асуда.
|