«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 346
347
Мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
бағдарламалары, іс-шаралары, заңнамалары қаншалықты нәтижелі
болды деген сұрақтарды қарастырсақ. 2016 жылғы «Doing Business»
рейтингі бойынша Қазақстан неғұрлым көп реформаны жүзеге
асырған мемлекет ретінде аталды [4]. Қазақстан 2015 жылдың
нәтижесімен салыстырғанда 2016 жылы бизнестің дамуы бойынша
өз көрсеткішін 12 пайызға жақсартқан. Қолданыстағы заңнаманы
реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнес құру мен
мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін
жеңілдету арқылы бизнеске әкімшілік қысымды азайту және
іскерлік ортаны жақсарту бойынша теңдессіз шаралар қабылданған
[16].
Қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің
79 орында болуы жоғарғы көрсеткіш деп айта алмаймыз. Дегенмен
2014 жылмен салыстырғанда Қазақстан 91 орыннан 79 орынға
көтеріліп өз көрсеткішін 12 пайызға жақсартқан. Қазақстан жеке
бизнестің даму бойынша көрсеткіштерін жақсартуына не әсер етуде,
қандай кедергілер Қазақстандағы бизнестің дамуын тежейді? Осы
сұрақтардың жауабын табу мақсатында кәсіпкерліктің дамуына
әсер ететін саяси, әлеуметтік, экономикалық, технологиялық
факторларға PEST талдауы жасалды.
PEST талдауы нәтижесінде Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға
қолайлы жағдайлар қалыптасқаны анықталды. Мемлекеттің
елімізде кәсіпкерлік үшін қолайлы бизнес климат қалыптастыруда,
энергетикалық және ауыл шаруашылық ресурстарының жеткілікті,
азаматтар жеке бизнес ашуға талпынады, мемлекет кәciпкepлepдiң
құқықтapын қopғaп, oның epкiн дaмyынa үлкeн мүмкiндiк бepiп
жaтыp. Бірақ, соған қарамастан кәсіпкерліктің дамуын тежейтін
факторлар да қатар жүруде. Қазақстандағы АҚ «Ұлттық талдамалық
орталығы» жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша
бизнесті жүргізу үшін күрделі тосқауыл сыбайлас жемқорлық
болып қалады. 2014 жылы жылы респонденттердің 16,7 %-ы
сыбайлас жемқорлықты бизнесті жүргізуге негізгі кедергі ретінде
атап өтсе, 2015 жылы олардың үлесі – 13,9 % -ды құраған. Сонымен
қатар, Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін анағұрлым проблемалық
факторы ретінде респонденттердің 13,9 %-ы қаржыландыруға қол
жеткізуді атап өтті. Бизнесті жүргізу үшін басқа маңызды кедергілері
инфляция (13,3 %) және салық мөлшерлемелері (10 %) болып
табылады [18]. Бiздiң eлiмiздe иннoвaциялық тeхнoлoгиялардың
бәceкeгe қaбiлeттi болмауы да шaғын бизнестің дамуына кері
әсер етеді. Coңғы cтaтиcтикaлық мәлiмeткe қapaйтын бoлcaқ,
Қaзaқcтaндa ғaлaмтop пaйдaлaнyшылapдың caны 4,3 млн құpaды,
бұл көpceткiш тeк 25 пaйыз хaлықтың ғaлaмтopмeн қoлдaнaтынын
көpceтeдi, яғни бұл фaктiлep бiздiң eлiмiздe инфpaқұpылымның
әлciз eкeнiн көpceтeдi.
Кесте 1