«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 352
353
ДЕВАЛЬВАЦИЯ ҮДЕРІСІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ? ШАМСУТДИНОВА А. М.
оқушы, Химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ. БАЙХАНОВА Л. А.
тарих пәнінің мұғалімі, Химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ. «Қазақстанның егемен, тәуелсiз мемлекет ретiнде орныққаны
айқын болып отыр. Бiз әлемдiк қауымдастыққа абыройлы кiрiгiп,
өз айналамызда қолайлы халықаралық ахуал қалыптастыра алдық.
Әлемнiң жетекшi елдерiмен саяси, экономикалық және мәдени
салаларда ынтымақтастықты жолға қоя бiлдiк.» эталон ретінде
танылған.» - ҚР Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев [1].
1991 жылы тәуелсіздігін алған Қазақстан үшін өзінің дербес
экономикалық саясатын жүзеге асыру мүкіндігі туындады.
Мемлекеттің даму деңгейін экономикалық жағдайы бойынша
бағалауға болады. Үкімет міндеттеріне экономикалық жағдайды
бақылау және оны дамыту кіреді.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Републикасының
Президенті экономикаға - теңге - ұлттық валютасын еңгізу туралы
қабылдаған шешім мемлекетті экономикалық тәуелсіздікке әкелді.
Бірақ, жақын арада, 1994 жылдың ақпанында ұлттық валюта бір
долларға 4,7 теңге тіркелген курстан 11 теңгеге төмендеді [2, 34 б.].
Ішкі валюта нарығында теңге қолдануды және тұрақтандыруды
арттыру мақсатында Нұрсултан Назарбаев «Азаматтар мен шетелдік
инвесторлар Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті
жекешелелендіру үшін тек қана теңге қолдануға рұқсат етеді»деген
жарлыққа қол қойды [3]. Дегенмен, ұлттық валютаның курсына
шетел валюталары әлі де әсер етеді.
Қазақстанның экономикалық жағдайы 2009 жылдың ақпанында
төмендей бастады, уақыт өте келе, барлық әлеуметтік топтардың өмір
деңгейі нашарлады. Тәуелсіз Қазақстан уақытынан мемлекетіміз
девальвацияға 6 рет ұшырады. Сол себепті, бұл тақырыпты зерттеу
және мәселенің шешу жолдарын табу өте маңызды болып табылады.
Осы жағдай мені қатты қызықтырды. Сол үшін мен осы үдерісті
қарастыруды жөн көрдім. «Біздің күш-қуатымыз - бәсекелестікке
қабілетті ұлттық экономикада!»- Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев.
Бұл тақырыпты талқылаған өте маңызды болып табылады.
Себебі, Қазақстан экономикасы әлі де бір ғана шикізат көзіне өте
қатты байланған. Ол – мұнай. Алайда, қара алтынның тұрақтылығы
үлкен сұрақтар тудыртады. Ол көптеген жағдайда ОПЕК елдеріне
немесе басқа да мұнай өндіруші елдердің іс-әрекеттеріне тәуелді.
Яғни, оның бағасы әлі де күрт төмендеп кетуі мүмкін. Егер де
осындай жағдай қайталанса немесе біздің валютамыз қайта
қалпына келмесе, халық одан не күтетінін білу керек. Сол үшін осы
тақырыпта оның жақсы және жаман жақтарын қарастыруды жөн
көрдім. Сонымен қоса, ол әлі де болып жатқан үдеріс болғаны үшін
әлдеқайда өзекті болып табылады. Осы жағдайды талқылау үшін
зерттеу барысында алуан түрлі әдісті қолдандым. Олар: осы саланы
жақсы білетін адамдардан алынған сұхбат, жалпы халықтан алынған
сауалнама және де осы тақырыпқа жазылған көптеген әдебиеттің
критикалық анализі мен саралауы. Ең бастысы осы әдістер арқылы
мен әртүрлі топ өкілдерінің, жас өкілдерінің және білім деңгейі де
бірдей емес адамдардың ойларын қамти аламын. Яғни, көпшілік
алуан түрлілікті қамту мүмкіндігі жоғарырақ [4].
Қазіргі уақытта дүниежүзілік дағдарыс уақытында девальвация
мәселесі кез келген мемлекетте жоғарғы мүмкіндікпен туындай
алады. Девальвация - халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық
қаржы курсының төмендеуі, қаржы резервінің азаюы, ұлттық
ақша бірлігінің тұрақты құндылығының төмендеуі, құнсыздануы.
Девальвация мәселесі туған мемлекеттерде «экономикасының
жағдайы төмен деңгейде», - деп қорытынды жасауға болады. Сол
себепті, бірінші фактор, мемлекеттің сыртқы сауданы төмендеткен
теңгерімі (экспорттан импорт көбірек) және де инфляцияның
(бағалардың шұғыл көтергісі) жоғарғы деңгейі. Мұнан басқа, ЖІӨ
(Жалпы Ішкі Өнім) көрсеткіші мемлекет экономикасын сипаттайтын
фактордың бірі.
Адамдардың көбі девальвацияны негативпен байланыстырады,
себебі девальвация артынан инфляция жалғасып отырады. Алайда
бұл үдерістің оң және теріс әсері бар. Біріншіден, девальвациядан
импорттық тауарладың бағалалары өзінен өзі көтеріледі, бұл
жағдайда басқа мемлекеттердің тауарларын және материалдарын
сатып алуға тиімсіз. Сол себепті, отандық тауарлардың сату деңгейі
көтеріледі. Мысал келтіргенде, 2000- жылдарда девальвацияға дейін
қазақстандықтар үй құстарын Ресейден сатып алды, бірақ бағалар
өскенде Қазақстанда құстарды өсіру бизнесі пайда болды. Сонымен,
бұл экономикалық үдеріс отандық өндірушілерді әрекетке келтіреді,