«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет252/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
356
357
қымбат емес. Өндіруге кететін ақша теңгемен ғана есептеледі. 
Егер де осы қадамдар орындалған болса, девальвацияның негативті 
моменттерін жеңуге үлкен мүмкіндіктер туындайды. 
«Девальвация мәселесін шешу жолдары қандай?» үшінші 
зерттеу cұрағына жауап беру үшін тапқан ақпаратты талдап
мемлекет макро-экономикасын жақсарту үшін, бірнеше қадамдар 
туралы жазу маңызды. 
Біріншіден, мемлекетімізде бар пайда қазбаларын өндіріп, 
шетелге тек қана дайын түрде экспорттау. Екіншіден, парақорлық 
деңгейін азайту арқылы оны жою, себебі коррупция мемлекет 
экономикасының дамуын тоқтатады. Үшіншіден, коммерциялық 
банк жүйесін өзгерту және азаматтарға отандық бизнес дамытуға 
жол беру. Соңғы қадам, Қазақстанның саясатын «ашық» деп 
жариялау. Басқа мемлекеттермен экономикалық ынтымақтыстықты 
қалпына келтіру, экспорт пен сыртқа саудаға салынатын салықтарды 
азайту және саяси қарым-қатынастарды жақсарту [9].
Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл мәселелерді шешу 
жолына шықты, сонымен «Қазақстан-2050» стартегиясында XXI 
ғасырдағы 10 жаһандық сын-қатерлердің бірі «Әлемдік жаңа 
тұрақсыздық қатері» [10] «ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецессия 
дамыған елдердің шикізат ресурстарына қажеттілігін төмендетуге 
әкелуі мүмкін. Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің 
ықтимал дефолты «домино әсерін» тудырып, біздің халықаралық 
резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің 
тұрақтылығына күмән туғызуы мүмкін. Валюталық резервтердің 
қысқаруы валюталық бағамдар мен инфляцияның қысымын 
күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер 
етуі мүмкін.» Оған қоса, жаңа ақша-кредит саясатында: «Әлемдік 
экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып, біз инфляциядан 
әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін 
және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратын 
боламыз. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің 
әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі. Және де бұл – 2013 жылдың 
өзінен бастап Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының басты мәселесі.
Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент [11] Әкімшілігінің 
үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен 
қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының 
жаңа жүйесін әзірлеу қажет болады.» 
Қорытындылай келе, Қазақстан жас мемлекет, басқа 
мемлекеттермен салыстырғанда оның дамуы қарқынды. Сонымен, 
қабылданған мемлекеттік бағдармалар мен стратегиялар дұрыс 
бағытта жүзеге асырылса, онда Қазақстан болашақта халықаралық 
аренаға шығып, бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттер қатарына ілінуге 
мүмкіндігі бар. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Елбасының ойлары www.bilim-all.kz
2 Қазақстан Ұлттық Банкі. И вся полифония финансов, 2008.
3 Қазақстан Республикасының Заңы. 01.08. N 373, 2003.
4 А. Урманов Год после шестой девальвации www.caravan.kz
5 Cooper R.N. Currency devaluation in developing countries, 1971.
6 С. Блинов Отрицательное влияние девальвации, 2016.
7 Iikka Korhonen. Devaluation of Kazakhstani tenge does not solve 
economy’s structural problems, 2009.
8 Шолпанбаева К.Ж. Девальвация в Казахстане: проблемы и 
пути их решения www. group-global.org
9 Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ә. 
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан-2050»- 
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
10 Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі 
стратегиялық даму жоспары.
11 Елбасы экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөнінде 
өткізген кеңес www.akorda.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет