«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет251/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
354
355
демек ЖІӨ көрсеткіші де көтеріледі. Екіншіден, инфляция мәселесінен 
тұрғындардың сатып алу қабілеті төмендейді, себебі тауарлардың 
бағалары өседі. Дегенмен, Қазақстандық теңге Ресейдік рубль мен 
Австралиялық доллармен салыстарғанда, біздің ұллтық валюта 
біркелкі тұрақты, деп айтуға болады [5, 245 б.] S(артықшылықтары) – 
девальвацияның бірнеше негізгі моменттерін жақсылап түсіну керек. 
Сол кезде ғана оның оң нәтижелерін байқауға болады. Ең бірінші 
орындалатын зат – импорттың қымбаттауы. Ол екі түрлі нәтиже береді. 
Елдің өзінің өнім шығару қабілеті артады. Себебі, енді осы импортты 
алмастыратын тауар қажет болады. Отандық өндірушілер көбейіп, 
жергілікті бизнестың даму мүмкіндігі артады. Себебі, енді олар тек 
өз ішінде бәсекеге түсу керек. Алайда, бұрын олар бәсекелестікті 
шетелдік өнімдерге жеңіліп отырған. Сонымен қоса, осы экспорт 
бағасы төмендейді. Ол біздің экспортақа қолжетімділікті артырады. 
Яғни, көбірек елдер бізден сатып ала бастайды. Оған қосымша, 
еліміздің алтын қоры сақталып өседі. Себебі, ендігі таңда капитал 
сыртқа қарай кетпейді. Бұл дегеніміз импорт азайғаны үшін біз 
сатып алғаннан қарағанда, көбірек өз өнімдерімізді сатамыз. Осының 
арқасында алтын қоры елімізден кетпей, керісінше көбейе бастайды. Ол 
жақсы тенденция болып табылады. Себебі, алтын – құнсызданбайтын 
валюта болып келеді. Соңғы жылдардағы Қытай секілді алып елдердің 
алтынды сақтау үшін жасаған көптеген реформалары бойынша оның 
жоғарғы маңыздылығын байқауға болады. 
Осы артықшылықтар бірнеше О(мүмкіндіктер)-ге алып келеді. 
Осының арқасында елімізде бизнестер саны көбейеді. Ендігі таңда, 
адамдар қорықпай бизнес ашып ішкі нарыққа кіруге мүмкіндік 
алады. Себебі, бәсекелестік бұрынғыдай қиын емес. Ол көбірек 
адамдардың жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, 
осы процесс елдегі өндірушілердің бәсекелестігін арттырып, тауар 
сапасының жақсаруына алып келуі мүмкін. Алайда, ең маңыздысы 
– шетелдік инвестициялардың санының өсуі. Экпорт бағасы 
төмендегені үшін Қазақстан тауарлары қолжетімді бола бастайды. 
Сонымен қоса, ол басқа елдерге арзанырақ нарық болады. Осының 
арқасында, көптеген жаңа мүмкіндіктерді көретін инвесторлар 
өз ақшаларын құяды. Олар осы өндірістен көп пайда көреді. Ал 
жоғалтатындары болса аз ғана. Себебі, енді Қазақстандық бизнеске 
ақша салу сонша қымбат емес. Осының арқасында елімізде отандық 
өндіріс дамып, халықытың жағдайы жақсаруы мүмкін. 
Осыған қарамастан девальвацияның айтарлықтай W 
(кемшіліктері) де бар. Тауар бағалары (импорт) өте қатты 
қымбаттайды. Отандық өнім оны оңай алмастыра алмайды. Себебі, 
отандық өндіріс соншалықты жан-жақты дамымаған [6, 175 б.] 
Сонымен қоса, оның сапасы шетелдікке басымдылық беріп тұрады. 
Яғни, импорт әлі де көптеп мемлекетке келе береді. Тауарлардың 
қымбат болып, валютаның құнсыздануы – халықтың сатып алу 
қабілетін төмендетеді. Себебі, халық енді бұрынғы ақшаға азырақ 
тауар санын ала алады. Сол үшін халықтың өмір сүру жағдайы 
төмендеуі мүмкін. Халық өз жиған ақшаларын теңгеде емес 
шетелдік валютаға өзгерте бастайды. Девальвация кезінде ол өте 
қиын жағдай болып келеді. Себебі, валюта әрі қарай құнсыздана 
берсе, банк адамға төлену керек пайыздарды енді бастапқыда 
есептеген соммадан жоғарырақ төлейді. Ол дегеніміз еліміздегі 
қаржылық институттар үлкен қарыздарға кіруі мүмкін. Ал халық 
болса ұлттық валютаға өз сенімін арттырар емес [7, 54 б.].
Осы іс-әрекеттерден бірнеше Т(қауіп-қатерлер) туындауы 
мүмкін. Қымбат тауарлар үшін халықтың сатып алу қабілеті 
төмендейді. Яғни, халықтың өзін қанағаттандыратындай өмір 
деңгейі енді оған қолжетімсіз. Сонымен қоса, халық көбірек ақша 
үнемдей бастауы мүмкін. Себебі, олар келесі күрт төмендеудің 
қашан екенін болжай алмайды. Валютаның айналымда аз болуы, 
оны тағы да осы дағдарыстан шығаруды қиындатады [8]. Сонымен 
қоса, уақыт өте келе халықтың ұлттық валютаға сенімі азаяды. 
Себебі, олар шетелдік валюталардың тұрақтылығын көреді.
Осы үшін ұлттық теңге әрі қарай құнсыздана береді. Ол жалпы 
экономика дамуын тежеуі мүмкін. 
Осы қауіп-қатерлермен күресу үшін Қазақстан бірнеше іс-
әрекеттерді жүзеге асыра алады. Ең алдымен, көбірек инвесторларды 
мемлекетке тарту. Олардың көмегімен отандық өндірісті қысқа 
уақыт арасында көтеріп алуға болады. Екіншіден экономиканың 
диверсификациясын өткізу. Яғни, тек қана тағам өндірмей, басқа 
да өндіріс көздерін ашуға ынталандыру. Соның арқасында мұнайға 
деген тәуелділік те жоғалуы мүмкін. Себебі, енді елімізде басқа да 
мықты өндіріс салалары пайда болады. Сонымен қоса агрессивті 
емес проктекционистік саясатты қолдану. Соның арқасында импорт 
санын төмендетіп, халыққа қолжетімді отандық өнім сатылатын 
болады. Егер де халыққа ұсыныс ретінде әлі де сапалы тауар 
болатын болса, олар да өз ақшасын жұмсайтын болады. Сол үшін 
тек импорттың орнын алмастыратын зат қажет. Ал біздің өнімдер 
арзанырақ болады. Себебі оларды өндіру үшін біз өз шикізатымызды 
және де өз еңбегімізді пайдаланамыз. Яғни, оның бағасы сонша 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет