«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 368
369
қиындықтарыңызбен тез арада құлаққағыс етіп қойсаңыз өзіңізге
тиімді болатыны сөзсіз. Шындық: Банкке сізді тақырға отырғызуға
емес, сізден қарызын алуға мүдделі. Ақшалай қиындықтардың шын
екеніне көз жеткізгесін олар сізге жарнаны төлеуге арналған несие
демалысын немесе қайта қаржыландыру жоспарын құрады.
«Мен өзімді банкротқа ұшыраған деп жариялай аламын»
Шындық: Шынымен, қазіргі таңда жеке тұлғаларға банкрот деп
жаряилауға рұқсат берген. Бірақ та, қарыз жауапкершілігенен
босатпайтын өте қиын және қымбат рәсімдеулер. Сот тұлғаны
банкрот деп жариялағасын сіздің мүлкіңіз сатылымға қойылып,
өткен жылардағы барлық мәмілердің күшін жояды. Қарыздарды бес
жылдан артық емес мерзімге қайта құрылымдайды, бұл аралықта
сіз жаңа несиелер ала алмайсыз.
«Несие бойынша ең төменгі төлемдерді төлеу жеткілікті»
Шындық: Банк ең төменгі төлемдерді сіздің төлем қабілеттеріңізді
растайтынын қарастырады. Енгізілген ақының көп бөлігі
пайыздарды жабуға ал қалғаны сіздің қарызыңыздың орынын
жабуға жұмасалады. Сондықтан ең төменгі төлемақылар төлеу
арқылы, сіз жиналып қалған пайыздарды төлеуге мәжбүр боласыз.
Қарыз ұзақ мерзімге созылуы мүмкін, ал артық төлемдер өте үлкен
болады. Әрдайым мүмкіндік болса жоғарғы төлемдермен төлеп
отырған тиімді болады [7, 29 б.].
Клиент несие келісіміне қол қоюдың алдында мұқият оқып
өтумен қатар ауызша келесі маңызды сұрақтарға жауап алу қажет:
1) Негізгі қарыздармен қоса төлемдердің нақты мөлшерін және
пайызымен барлық комиссияларды;
2) Несиелеу келісімшартының мерзіміндегі пайыздық
мөлшердің өзгеруі туралы;
3) Барлық несиені мерзімінен бұрын жабуға. Кей кезде бұл
мүмкіндіктер болады, бірақ ол қосымша комиссияларды қамтып
соңында салымшының өзіне тиімсіз болады.
Барлық банктер сізді несиелеуден бұрын сіздің төлем
қабілеттігіңізді ғана емес сонымен қатар несие қабілеттігіңізді
де бағалайды. Бұдан кейін кез келген банк қызметкері ақының
мөлешерін анықтап оның пайыздық мөлшерлемесімен несие
төлеудің мерзімін анықтайды. Сондықтанда барлық қарыз
алушыға бірдей несиелеу шарттары беріледі деп айтуға болмайды.
Банкке төмен төлем тәртібі бар клиентке ақшаны сеніп беруге
болмайтындығымен сіз келісетін шығарсыз. Сол себепті банкке өз
басын қатерге тіге отырып ондай клиенттерге жоғарғы пайызда және
қысқа мерзімде несиелер береді. Бұл нақты растайтын жұмысы жоқ
қарыз алушыға қатысты себебі, оның кірістерін ресми расталмаған.
Бұл жағдайда банкнесие рәсімдеуде тәуекелге барғандықтан
ақысын жоғарлатады. Сізге несие ұсыныстарына, бұл жерде
банк талаптарына сонымен қатар ең маңызды жоғарғы пайызды
төлемдермен немесе несеиелеуден бас тарту сияқты рәсімдеулерді
мұқият қарау қажет. Кредиторлардан пайыздық ақыны төмендету
туралы ұсыныстар түсе алады, алайда ол қарыз алушы қосымша
құжаттар ұсына алған жағдайда жүзеге асады [8, 82 б.].
Біздің зерттеу жұмысымыз арқылы несие туралы жаңа
ақпараттармен таныстық. Аңыздар мен шындыққа көз жеткіздік.
Әркім өзіне қызықты мәліметті алды деген ойдамыз. Ал біз
несиенің жаңа емес, оның біршама ғасыр жасап келгендігі және
жаңа экономикада кредиттеу әрдайым дамып жетіліп отыратына көз
жеткіздік. Сондықтан, аңыздар мен шындықтарға, дәйектердің рас
екеніне көз жеткізе отырып, тұтынушы өзіне шұғыл арада қажетті
затты алу үшін несие ала алатынына, және бұл оған тиімді, әрі
қолжетімді болатына шүбәсіз сенемін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қазақстан ұлттық энциклопедия, Б. Аяған 5 том К - Қ, «Қазақ
энциклопедиясының» Бас редакциясы Алматы, 2003. 72 бет.
2 «Капитал. Критика политический экономики» К. Маркс.
Политиздат 1978 ж. 146 бет.
3 «Русска-казахский экономический словарь делового
человека» Алма-Ата: Научно-исслед.центр 4. Ж.М. Аяпова, М.
Жукибаев «Мураттас» МЧП «Толға», МГП «Демеу» 1992-220бет
4 Іскер адамның орысша-қазақша (сөздігі) экономикалық
сөздігі. Алма-Ата «Демеу» 1992 ж.
5 Қазақ совет энциклопедиясы, Бас редакциясы М.Қ. Қаратаев.
Көз-қосүйтас Алматы, 1975 жыл. 74 бет.
6 «Қарыз күліп келіп, жылап кетеді» балаларға қаржы жайлы
О. Гумирова Қаржы мәдениеті Алматы 2015, 4 кітап
7 «Шашу оңай, жинау қиын» балаларға қаржы жайлы О.
Гумирова Қаржы мәдениеті Алматы 2015, 2 кітап