«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет258/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
366
367
әдісі ғана. Бұл жағдайда кредит объектісі заттай емес игіліктер 
болып табылады. Кредит капиталы өндірістік капиталға тең. 
Натуралистер кредитті кредит капиталының қозғалысын емес, 
табиғи түрде материялдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі 
сияқты қарастырады. Кредиттің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате 
түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай 
түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Кредит 
капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше 
бөлігі деуге болады. Бұған қарамастан натуралистік теорияның 
маңызын кредиттің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен 
дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс 
процесінде қалыптасатын кредит нақты капиталды құрамайды, деп 
дұрыс есептеді. Олар кредиттің рөлін өсірмей, кредит пайызының 
түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелді. 
Кредиттің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік 
қарама-қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша 
кредитке экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны 
ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Кредит ақшамен және 
байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, 
ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық 
пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық 
пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар 
ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады. Бұл теорияның 
қолданушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс,
Ф. Хоутри, И. Шумперет (Австрия), А. Ган (Германия) болды. 
Олар ақша мен кредитті сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. 
Кредит пайда әкеледі, сондықтан ол «өндіргіш капитал» болып 
табылады, ал, банктер «несие фабрикасы». Бұл екеуі де несиені, 
яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни 
капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай – ақылар банктер шексіз 
депозиттерді, соған сәйкес кредиттер мен капитал жасайды деп 
есептейді. Міне, осындай кредит ауқымының шексіз кеңеюі қайта 
өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, 
экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың 
теориялары «өтемпаздық теориясы» деген атауға ие болды. Олар 
кредиттің шегін, кредит ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен 
оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті [4, 2 б.].
1929-1933 жж. әлемдік дағдарыс кредиттің капиталдық 
жасампаздық теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, 
оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен 
оның ізбасарлары оларды дағдарыстың және екінші дүниежүзілік 
соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар экономиканы 
кредитпен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға кредит 
салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен кредит пайызын 
төмендетуге болады. Дж. Кенстың тұжырымдамасы бойынша 
айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз – инвестицияға, 
инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа, табыс – бағаға әсер 
етеді. Сондай – ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға 
әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін 
мойындады. Егер Қазақстанның кредит нарығына тоқталатын 
болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай 
– ақ ол енді енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, 
Қазақстан ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі 
өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы 
дамымағанына байланысты едәуір жетілді [5, 86 б.].
Қазақстан да кредит теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен 
пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша кредит реттеуінің 
монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994-1997 жж. өршіген 
инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа 
қол жеткізді. Кредиттің пайызын есептеудің бірнеше әдістері бар, олар: 
Қарыздын бір бөлігін ай сайын өтеу; Аннуитеттік төлем; Мерзімді 
төлемдерді төлей отырып біржолғы несиені өтеу. 
«Несие бойынша қарыз – ол әрдайым жаман» Әрине, орынсыз 
алынған заттарға жоғары пайыздағы кредиттік карталарды қолдану 
ол әрине үлкен қарызға әкеп соғады. Ол бірақ одан қорқу керек екен 
дегенді білдірмейді. Шындық: Шағын қарызыңыз болып бірақ сіз оны 
соңында жауып тастасаңыз ол сіздің кредиттік рейтингіңізді арттырады. 
Ол болашақта сіздің ірі қарыздар алуға болатындығын білдіреді. Ал 
банк көзімен қарғанда несие тарихы бүлінгеен несие алушыдан 
клиенттің бұрын несие алмағандығы күдікті болып саналады. 
«Егер мен несиені төлемесем, мені түрмеге отырғызады!» Адал 
емес коллекторлар қарыз алушыны қылмыстық жауапкершілікпен 
қорқытады. Бірақта несие сұрақтары азаматтық заңнамалар мен 
шешіледі. Шындық: егер сіз несиеңізді төлей алмасаңыз сізден 
тек мүлікіңізді алып қоя алады, сонымен қатар жылжымайтын 
мүлікіңізді. Бірақта несиені жалған құжат бойынша рәсімдеу 
және қарыздан жалтару жағдайында қылмыстық кодек бойынша 
жауапкершіліке тартылдады.
«Егер несиені төлей алмасаң аяғына дейін банктен жасырын» 
Керсінше және барлық дәлдік: Сіз банкті өзіңіздің қаржы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет