«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет283/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
396
397
Интернеттегі кейбір сананы улайтын сайттар, теледидардағы 
түкке тұрғысыз түрлі бағдарламалар, әлеуметтік желілердегі жеңіл 
әңгімелер, отбасындағы тәлім-тәрбие де баланың санасына әсер 
етедісонымен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде араластырып 
сөйлеу жастар үшін ол әдетті жағдай. Олар өздерін өте «сәнді», 
«заманауи» адамбыз деп санайды. Ал, бұл жағдай оларды әдеби 
тілден алыстатып, сауатсыздық мәселесіне әкеледі.
Жастар сленгі. Заманның талабы ма екен, барлық тілде 
кездеседі. Сленг қатарына енетін сөздер бастапқы тура мағынасында 
емес, ауыспалы мағынасында жүреді. Кейбірі бейнелеу сөз ретінде 
қолданылып, заттанып кетеді. Мысалы ағылшын тілінде шөженің 
қорқақ қасиетін қорқақ адамға теліп, ол адамды шөже "сhicken" деп 
атайды екен. Ал қазақ тілінде көбіне қоянға теңеп жатады.
Қоғамдағы сленг. Сленгті бір түрлі жұмысқа не оқу типіне ие 
немесе бір хоббимен айналысатын адамдар жиі қолданады. Мысалы, 
студенттер laboratory сөзін қысқартып, lab деп айтса, спортпен 
айналысатын орнын, яғни gymnazium сөзін gym деп атайды. Немесе, 
бір спорттық ойынды ойнайтын адамдар арасында түсінушілік 
бар. Баскетбол ойынын алсақ, 3 балмен бағалатын голды, яғни 
«трехочковый» - ды «трешка», «передача»- ны «пас» деп айтады.
Интернет сленгі, сленгтер арасындағы ең танымал болып 
табылады. Қазіргі заман адамдарының бір - бірімен сөйлесуі 
интернеттегі әлеуметтік желілермен ғана шектеледі. Сол себепті, 
паразит сөздерінің пайда болуы жаңалық емес. Мысалы, интернеттегі 
абревиатура ретінде кездесетін 2 сленгті қарастырайық. L0L - laughs 
out loud, шектен тыс күлу немесе өте күлкілі деген мағынада. Одан 
басқа, lots of love деген расшифровкасы бар: ол өте қатты сүю, жақсы 
көру мағынасында [2., 20 б.].
Сленгтердің кері әсеріне тоқталсақ:
Сауаттылық деңгейінің төмендеуі. Бүгінде интернет қолданушы 
жастардың өз «тілі» қалыптасқан. Ең бірінші мәселе – қазақ тілінің 
қ, ғ, ң, ә, і, ү, ұ, ө тәрізді төл әріптерінің қолданылмауы. Әлеуметтік 
желілерді пайдаланатын жастардың басым көпшілігі жоғарыда 
аталған әріптерді алмастырып, қазақ тіліндегі сөздерді жетімсіретіп 
қолданатыны жасырын емес. Желіні қолданушылар көп жағдайда 
қазақ әріптерін орыс графикасында бар таңбалармен алмастырып 
қолдануды және латын графикасындағы таңбалармен жазуды 
үрдіске айналдырып келеді, яғни оқушы жастар кейбір сөздердің 
графикалық формасын қалауына қарай өзгерте береді. Жоғарыдағы 
әріптерді қолданып жазатындардың қатары бірен-саран. Мұны 
жастардың өзі де мойындайды. «Әлеуметтік желілерде хат жазғанда, 
қазақ әріптерін қолданбайтындығымды жасырмаймын. Маған орыс 
тілінен қазақ тіліне ауыстырып, барлық сөзді орфографияға сай 
жазу қиындау. Сондықтан, өзіме ыңғайлы жолмен жаза беремін. 
Ол үшін әлеуметтік желіде мені ешкім сынға алмайды. «Салем», 
«калайсын?», «жаксы», «бари дурыс» деген сөздерде қазақ әріптері 
алмастырылғанымен, қазір бізге бұл сөздердің дұрыс жазылуы 
осындай секілді болып көрінеді. Осыдайша, мектеп оқушылары, 
қазақ тілінде диктант жазған кезінде, «Н» мен «Ң», «І» мен 
«Ы»әріптерін шатастырып отырады.
Екінші мәселе – орфографиялық және пунктуациялық қателер, 
ауызекі тіл элементтері, сөйлемдердің қысқаруы, сөздердің орын 
алмасуы. Мұндай қателіктер интернет қолданушыларының арасында 
бұрыннан қалыптасқан жағдай болғандықтан, оны өзгерту де қиын. 
Бірақ бұған көз жұмып қарауға мүлдем болмайды. Өйткені ғаламтор 
пайдаланушыларының қазақ тілі тілдік нормаларын сақтамауы 
жастардың сауатсыздыққа бой үйретуіне әкеліп соқтыруы әбден 
мүмкін. Ғаламторда әдеби тілдің нормаларын сақтап отырып 
сөйлесу мүмкін еместігі түсінікті. Ғаламтор тілі тез әрі жылдам 
қарым-қатынасқа қолайлы тіл. Оның басты ерекшелігі де осында. 
Сондықтан, әдеби тіл нормаларын интернетте сақтау міндетті деген 
қате пікір дегенді қолдайтындардың қатары көп.
Әлеуметтік желілердегі хаттар мен жазбалардың кейбірінен 
дауысты дыбыстарды таба алмайсың. Жылдам хат жазу үшін 
сөздердің ішіндегі дауысты дыбыстарды тастап кету – нағыз 
грамматикалық қателік. Осыған бой үйретіп алған жастардың 
ертеңгі күні орфографиялық ережелерге бағынбай кетпесіне кім 
кепіл?! Бұл олардың қол және көз дағдыларына әсер етіп, сауатты 
жазу дағдысын жояды. Әлеуметтік желі коммуникациясында 
сөйлеу тіліне жақын құрылымдар көп қолданылады, яғни сөздің 
тұлғасын өзгертіп кең жазу да етек алып келеді. Біріншіден, жіктік 
жалғауды түсіріп жазу: отырм – отырмын, ұйктайм – ұйықтаймын, 
билмейм – білмеймін, егер сөз жалпыға түсінікті болса, дауысты 
дыбыстарды түсіріп жазу: кдрп – қыдырып, мсқ – мысық, сөзді 
жөнсіз қысқартып қолдану: раха – рахмет, см – сәлем, сб – сау бол, 
шетелдік сөздерге қазақ тілі жалғауларын қосып қолдану: каксын?, 
плизбен (please) сойлессейши, сөзді орфоэпиялық норма бойынша 
таңбалау: не істеватсын (не істеп жатырсың?), дийұана (диуана), 
барат, келет, бошы (болшы). Сонымен қатар, ғаламтордағы кейбір 
жазбалардан тыныс белгілерді мүлдем таба алмайсың. Ал енді бірі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет