«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
410
411
ашқан нәрсе болып көрінеді. Қалай дегенде де Абайдың бұрынғы –
соңғы дала ережелерін қай – қайсысын да жетік білгені, Ресейдің де
заңдарымен таныс болғаны аңғарылады.
Қарамола «Ережесінің» Ресей заңдарын негізге ала отырып,
ұлттық үрдіс тұрғысынан сауатты жазылуына заңгер қауымының
өзі де қазірде айрықша сүйсініп, таңданыспен бас шайқайды.
«Ережеде» ұлттық ғұрыпқа тән баптар молынан кездеседі.
«Ережеде» қазақ халқының әдет – ғұрып заңдарын, патриархалдық
– феодалдық қатынастарды негізге ала отырып, Ресей империясы
заңдарының кейбір прогресшіл қағидаларымен ұштастырыла
жасалған. Оны құқықтық жәнеқұқықтық іс жүргізушілік
нормаларының жиынтығы, әрі аға билердің дау – жанжалдары
шешуде басшылыққа алатын құралы десе де болды. Мұнымен қоса,
аталмыш «Ереже» халқымыздың ғасырлар бойы әділдік пен тәртіп
орнату тұрғысында қолданылып келген дәстүрлі жоралғыларының
нақты заң қағидаларына ұласқан, тұжырымдалған үлгісі болды.
Ереже 74 – статъядан тұрады. Оны талқылауға 40-тан астам
болыс билер, «ел жақсылары» қатысты. Абай ережесінде қазақтың
әдет заңдарының негізгілері қамтылған және сол заманның талабы
ескерілген. Ереженің мазмұны мен сапасы, қамтылған мәселесі мен
баяндалу сипаты аса жоғары дәрежеде болғандықтан, оны әскери
губернатор сол қалпында бекітті. Ол «Семей облысы тұрғындарының
заңы» түрінде қазақ және өзбек тілінде Қазанда басылып шықты.
Ережеде Абайдың қазақ салтындағы жанұялық, некелік, азаматтық
қарым – қатынастарға көз қарасы сол заман шеңберінде едәуір
жақсы берілген. «Ережеде» лауазым дәрежесіне сай жер – жеріде
ел тізгінін ұстап, әкімшілік билік жүргізуші пристав, старшын,
би, молдалардың құзырымен құқы нақты айтылады. Сол сияқты
ел ішінде кеңінен тараған ұрлық, барымта құндауы, қалың мал,
құдалық, қалыңдық даулары, жер дауы, жесір дауы, әменгерлік,
жиендік жорағылары тәрізді адамдармен қауым тірлігіне қатысты
басқа да қыруар жайлар туралы ұйғарым, кесімдер қамтылады. Би,
болыстан бастап серіктес, туыстас әрбір адамның әділет жолы, қоғам
алдындағы жауапкершілігі, парызы жайлы тұжырымдар да бірнеше
бапта анық көрсетілген. Біз Абайды тек ұлы ақын және ойшыл
ретінде емес, сонымен қатар оны құқықтанушы ретінде танимыз.
Өйткені Абай сол өз заманында өз халқының жақсы өмір сүруі үшін,
құқықтарын қорғай білу үшін, әсіресе әйел теңсіздігін басты назарға
алып, қоғамның құқықтық жүйесіне оң өзгерістер негізген болатын.
Жоғарыда айтылған жайттар «Абай жазған ережелердің» тәрбиелік
жағынан өз мәнін көрсетеді. «Қызға қырық үйден тиым» салған
қазақ ер жігітті бүкіл аймақ болып тәрбиелеген және Абай ережені
жазған кезде гуманизм принципін қолданған деп айтуға болады.
Мысалға ұрлық жасағаны үшін айыппұл төлейді немесе дүре соғады.
Абай заңының өз кезі үшін елеулі мәні болды. Ол әдет – ғұрып
мәселесін заманға лайықты, халық пайдасына шешті, кем-кетіктің,
әсіресе әйел құқығын жақтады. Сол үшін Абай көзінің тірісінде
«Әділби» атанған. «Ереженің» заң қатарлы мәні болды.
Ұлы ақын Абай Құнанбаев дана да дара ойшыл, талас-
тартыстың ақиқатын бір ауыз сөзге сыйғызған әділетті би болумен
бірге, қазақ сахарасында алғашқы заң ережелерінің дүниеге келуіне
де айрықша ықпал еткен адам. Ол жазған «Ереже» - ХІХ ғасырдың
аяқ кезінде, яғни 1886 жылы Қазан университетінің баспаханасында
мұқият түптелген кітапша түрінде араб қаріпімен басылып шықты.
Ұлы ақын Абай бабамыз «Қарамола», яки «Шар ережесін»
жазғанға дейін де «Қара қылды қақ жарған» әділ билігі көпшіліктің
көңіліне берік ұялаған, тапқыр да тосын шешімдері, бейнелі де
көркем тіркестері арқылы жұртшылықтың жүрегіне жол тауып,
ауызға ілінгені аян. Олай дейтініміз заңгер-ғалымдар, әсіресе
ХІХ ғасырдың басыдағы Абай биліктерін прецеденттік сипаттағы
сот шешімдерінің жарқын үлгілері деп бағалайды.
Ойдың дәйегін, сөздің мәйегін жасынан жете сезініп,
санасына құйып өскен Абай бала кезінің өзінде-ақ тіл мен жағына
сүйенгендердің талайын сөзден сүріндіріп, мерейі үстем болды.
Әділетсіздік жанын жегідей жеген Абай 1900 жылы Ресейдің
үкіметтік мекемесі Сенатқа хат жазуға мәжбүр болады. Тарихи
құжаттарда «Сенатқа хат» деген атпен аталып жүрген аталмыш
хаттан Абайдың орыс тіліне сауаттылығымен қатар, сол заманғы
әлеуеттік тәртіп, әкімшілік пен заң негіздерінен де мол хабардар, өрелі
ойлар өрбітетін ойшыл да білікті адам екендігі танылады.
Біздің негізгі әңгімеміздің өзегіне айналған 1885 жылғы мамыр
айында Шар бойында болған Абай Құнанбаев қатысқан Қарамола
«Ережесі» осының дәлелі. Осы «Ереженің» 54-бабында былай
делінген: «Біреудің жерін жеген дауларды билер сол жер пәленшенікі
деген елубасылардың куәлігіне қарап тексереді. тексерген уақытта
жерді билер өздері көреді, яки сенімді кісінің куәлігі бойынша жеген
жерінің сомасына қарай билік айтады. Шығынын қайтарып үстіне
һәм айып салады».
Әрине, осы орайда жерді пайдалануға байланысты қалыптасқан
жағдайлар мен жаңа әдет-ғұрып нормалары мұқият ескерілген.
|