«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет294/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
414
415
Мәселен, сөз етіп отырған «Ережеде»: «абақтыға отырғызу», «дүре 
соғу» немесе «теңгедей айып салу» сияқты тәртіптік жазалар атап 
көрсетілген. Мұны патшалы Ресей әкімшілігінің өз үстемдігін қазақ 
даласына барынша тереңдей енгізіп, өз өмірін пәрменді жүргізе 
бастағандығының айқын көрінісі десе де болады.
«Дүре соғу», өзге де жазалау шаралары дала ережелерінде 
бұрыннан бар. Ол «Қасым салған қасқа жолдан» да бұрынғы, 
дәлірек айтқанда 1470 жылдары жазылған Әз Жәнібектің жеті атаға 
қатысты Жарлығында көрініс тапқан.
Қалай дегенде де Абайдың бұрыңғы-соңғы дала ережелерінің 
қай-қайсысын да жетік білгені, Ресейдің де заңдарымен таныс 
болғаны аңғарылады.
Қарамола «Ережесінің» Ресей заңдарын негізге ала отырып 
ұлттық үрдіс тұрғысынан сауатты жазылуына заңгер қауымның өзі 
де қазір де айрықша сүйсініп, таңданыспен бас шайқады.
Сол сияқты 70-бапта: «Қазақтың өз арасында болмашы дауларға 
орыстан яки ноғайдан уәкілдік алып кіріспесін. Дәберный болуға 
мүмкін өзімен ояздас қазақ адамға» делінген. «Ереже» қазақ халқының 
әдет-ғұрып заңдарын, патриархалдық-феодалдық қатынастарды 
негізге ала отырып, Ресей империясы заңдарының кейбір прогресшіл 
қағидаларымен ұштастырыла жасалған. Оны құқықтық іс жүргізушілік 
нормаларының жиынтығы, әрі аға билердің дау-жанжалды шешуде 
басшылыққа алатын құралы десе де болады. Мұнымен қоса, аталмыш 
«Ереже» халқымыздың ғасырлар бойы әділдік пен тәртіп орнату 
тұрғысында қолданылып келген дәстүрлі жоралғыларының нақты заң 
қағидаларына ұласқан, тұжырымдалған үлгісі болады. 
Танысын-танымасын қаймана қазаққа, бейсауат жолаушыға 
ұлттық ақ жарқын көңілімен қонақасы беру, «Құдайы қонақ» 
ретінде қабылдау рәсімі де «Ережеде» қалыс қалмаған. Оның 
51-бабында:Сойыс, қонақасы қазақ рәсімінде бар. Бермеген кісі 
бір ат, шапаннан бір түйеге дейін айыпты болады» [7] - деп атап 
көрсетілген. Сол сияқты айып түрлері : «Бас тоғыз», «Орта тоғыз» 
және «Аяқ тоғыздың» мөлшерлері (56-бап); сондай-ақ, мал басын 
бағалаудың, яғни «маңдай түйе», «орта түйенің» төрт түлектің 
түрлеріне шаққандағы сандық бағамының (57-бап) нақты кестесі 
берілген. Ережеде лауазым дәрежесіне сай жер-жерден ел тізгінін 
ұстап, әкімшілік билік жүргізуші пристав, старшын, би, молдалар 
құзыры мен құқығы айтылады. Сол сияқты ел ішінде кеңінен 
тараған ұрлық, барымта, құн дауы, қалыңмал, құдалық, қалыңдық 
даулары, жер дауы, әмеңгерлік жоралғылары тәрізді адамдар мен 
қауым тірлігіне қатысты басқа да қыруар жайлар туралы ұйғарым, 
кесімдер қамтылады. Би болыстан бастап, серіктес, туыстас әрбір 
адамның әділет жолы, қоғам алдындағы жауапкершілігі, парызы 
жайлы тұжырымдар да бірнеше бапта анық көрсетілген.
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» деп көкірегі қарыс 
айрылған Абай бабамыздың аңсаған ақ арманы бүгінгі Тәуелсіз 
елімізде жүзеге асып жатыр. Әділеттің ақ жолынан айнымай, 
халқымыздың дәстүрлі құқық саласын жетілдірудегі атқарған сан 
– салалы өнегелі істері, бастамалары да бүгінгі күннен баян тапты.
Суға кетіп бара жатқандарға, өрт уақытында, боран мен 
суықта қалғандарға жәрдем көрсетпегендерге, сондай ақ 
көпір арық бұзғандарға, мал өліміне қарсы жасалған шаралар 
кезінде қолғабыс етпегендерге айып белгілеу жөніндегі 35 және
36 баптардағы тұжырымдар-адамдарды қоғамшылдыққа, 
апатқа душар болғандарға алыс-жақын демей қол ұшын беруге, 
көмектесуге шақырады. Бұл баптың маңызы бүгінгі күні де кеміген 
жоқ. Мысалы, Абайдың «Қарамола» ережелерінің сөз етіп отырған 
баптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық 
кодекстің 119 – бабына сәйкес келеді. Бүгінгі күнмен сәйкес 
келетін Ереже баптары бұл бір емес, әрине Ереженің 54-бабында 
сайлау кезінде қызметшілерге жала-жапқандар би төрелігіне 
сәйкес 28 күнге абақтыға жабылып, айыпталушының шығыны 
қайтарылғандығы туралы айтылған. Бұл баптың талаптары да 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінің 
129-бабы «жала жабу» және 146-бабында «сайлану» құқығын 
жүзеге асыруға немесе сайлау коммиссияларының жұмысына 
кедергі келтіру қарастырылған. Осы баптың талаптары Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 28-бабына 
ұқсас. Өйткені әділ соттың алдында бай да, кедей де жалпы 
азаматтардың бәрі бірдей ешкімге артықшылық бермейді.
Алайда, Абайды мұхитқа баласақ, оның түбіне жетуәрине 
қиын... 
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Абай афоризмі. Қ.Өмірәлиев.Алматы. «Қазақстан».1993. 98 б.
2 Абай. Қара сөздер. Алма-Ата. 1983.
3 Билемесе бір кемел Абай, 1- 1996.
4 М.Әуезов.Абай жолы.Алматы 1989 ж 60-61беттер.
5 Қазақ энцмклопедиясы.Алматы. 1974. 4- том, 56 бет.
6 М. Ж. Көпеев. Сарыарқа кімдікі екендігі. Қазан. 1937.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет