«Өнерлі адам
өрге жүзеді»,
- деген мақал тегін айтылмаған. Осы бір өзімнің ішкі
көкейімде жүрген жерлесім Жаяу Мұса Байжанұлы туралы жазғым
келіп отыр. Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) – әнші, ақын,
композитор. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасыбай көлінің
маңы дүниеге келген. Әкесі Байжан кедей болған. Анасы Нақыш
ертеректе дүние салып, Жаяу Мұсаның ағасы Тайжанның қолында
тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды. Жаяу Мұса жастайынан
халық музыкасымен, ауылға келіп- кетіп жүрген әнші-күйшілер
өнерімен танысады, өзі де ән салып, домбыра тартады. 1851 жылы
Қызылжарға (қазіргі Петропавл ) келіп, орыс тілін үйренеді.Ол
|