«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет80/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
98
99
Жандарынан шошынған солдаттар жалынып – жалпайып, өз 
бастарын әрең дегенде босатып алады да, алды – артына қарамастан 
қаша жөнеледі.
Алайда, істің ақыры насырға шабатынып білген Жаяу Мұса 
тыныш жата алмай, Шорман тұқымдарынан тасалана тұрғысы келеді.
Бірақ, қайда барарын білмейді. Бұрынғыдан ауыл маңыдағы 
тоғай арасы пана болмайтынын сезеді.
Ақыры тәуекелге бел байлап, қашық жерге қоныс аудара тұруға 
бел байлайды.
Сөйтіп алыс жолға сапар шеккен Жаяу Мұса Қазан қаласына 
барады. Онда татар халқының музыка мәдениетімен танысады. Қала 
халқымен біраз үйреніскеннен кейін ойын – сауықтарға қатнасып, 
өзінің әншілік қабілетін танытады.
Қазанда алты ай тұрып, ел – жұртын әбден сағынған Жаяу Мұса 
бұлайша қашып – пысып жүріп бассауғалағанша елге барғаным жөн 
болар деген тоқтамға келеді.
Жаяу Мұса еліне келсе, аулы орнында жоқ, Шорман тұқымдары 
мал – мүліктерін талан – таражға салып, таратып алыпты, туған – 
туысқандарын тоз – тозғып жіберіпті.
Хан – сұлтандардың бұл зорлығы Жаяу Мұсаға бұрынғысыннан 
да қаттырақ батады.
Қарсылық көрсетуге шамасы келмеге Жаяу Мұса жаяу – 
жалпылап жүріп, Омбыға барып, губернаторға шағым жасайды. 
Губернатор : Шормановтың жолсыздық ісіне тез тыйым салынсын, 
Жаяу Мұсаның ата қонысы, талауға түскен мал – мүлік түгелдей 
өзіне қайтарылсын деп, Павлодар оязына қағаз жазып береді.
Бұл барған сапары сәтті болып, үлкен қуаышпен қайтқан Жаяу 
Мұса арада бірнеше күн жүріп, Павлодарға келеді де, оязға кіріп, 
губернатордың жазған бұйрығын ұсынады.
Бірақ ол тағы бір қолайсыздық жағдайға кездеседі. Ата жауы, 
аға сұлтан Мұсаның оязбен бірге отырғанын көріп, жүрегі қатты 
шошынады. Олар губератордың бұйрығын оқып, екі жақтан 
зіркілдеп қоя береді. Неге өтірік арыз жазасың, деп жер – жебіріне 
жетеді. Жаяу Мұса да олардан тілі тартпай, Мұсаның әділетсіздігін 
айтып, айыбын бетіне басады.
Омбыға шошынғаннан жаяу бардым
Арада күн – күн жүріп, шаршап талдым, 
Бұйрығың губератор әкелсем де, 
Пәлеге ашылмастай еді қалдым. –деп басталатын Жаяу 
Мұсаның бір өлеңі осы кезде жарыққа шыққан көрінеді.
Ояз Мұсаны жақтағысы келіп, қашама жан таласқанымен де, 
губернатордың бұйрығын орындамай отыра алмады. Жаяу Мұсаның 
арызында көрсетілген талаптары түгелімен жүзеге асады.
Алайда, Мұса Шорманов Жаяу Мұсаға деген қастық әрекетін 
үдете береді.
Бір жылы маңайдағы ауылдың шабындығын жеді деген 
жаламен Жаяу Мұсаның бір топ бұзауын қырғызып тастайды Бұдан 
бірақ уақыт өткеннен кейін аға сұлтан Мұса атақты Арап ұрысы 
бастаған бір топ адамдарды жіберіп, Жаяу Мұса ауылының тағы 
да барлық жылқысын айдатып алады.
Сөйтіп, Шорман балаларымен Жаяу Мұсаның арасындағы 
өшпенділік өрті өрши түседі.
Жаяу Мұса тағы да Омбы губернаторына арыз беріп, ұрланған 
жылқыларын орынан салдырады да, Арапты тұтқыға алдырады. 
Соның артынан көп кешікпей – ақ Мұса да аға сұлтандық 
қызметінен босатылады.
Алысқан жауын жеңіп, көңілі жайлаған Жаяу Мұса да жанынан 
өнерлі жігіт – желеңдерді жинап алады да, серлік құрып ел аралайды. 
Жаяу Мұсаның ел арасында беделі артып, салдықпен еркін өмір 
жасай бастауын көре алмай, қатты күйінген 
Жаяу Мұсаның бұл жауабы жанына мірдің оғындай қадалған ол 
не істерін білмей, іштен тынады. Бұрынғыдай айдатып, байлататын 
әкімшілік әмірі енді жүрмейтініне үлкен өкінеді.
Сөйтіп көрнеу күш жұмсау қолынан келе қоймаған соң, жасырын 
қастық жасау жолы қарастырады. Бір арамзаны ақшаға жалдап Жаяу 
Мұсаға у бергізеді. Бірақ, дер кезінде емделіп, ауруханада үш ай 
жатқаннан кейін Жаяу Мұса аман – есен жазылып шығады.
Бұл кезде Жаяу Мұсаның өнерпаздық даңқы өз ортасынан 
асып, көршілес отырған Қарқаралы, Көкшетау, Ақмола елдеріне 
түгел жайылады. Өйткені осы елдерде бір кездерде ол өзі де аралап, 
шарықтата ән салып, күмбірлете күй шерткен болатын.
Жаяу Мұса серілікпен ел аралап жүрген кезінде әйелі Сапар 
қатты ауырып, 1895 жылы отыз жеті жасында қайтыс болады. 
Мұсаның Сапардың туған бір ұл, бір қызы нағашысының қолында 
жетім қалды.
Хан – сұлтандардан соққы көріп, елге тұрақтай алмаған, қашып 
– пысып жүргенде кездескен сүйікті жары Сапардың кенеттен 
қайтыс болуы, Жаяу Мұсаның жанын қатты батады. Жанына жалғыз 
ұлы Салықты ертіп, Сапардың қабырынан басына барады. Сол 
жерде отырып қайғылы көңіл күйін шерткендей болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет