«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет88/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
108
109
Зерттеу объектісі, заманауи корейлік к-рор музыкасы, оның 
түрлі сайттар мен Қазақстандағы және Оңтүстік Корейдегі 
жанкүйерлер қауымдастығында ұсынылуы.
Осы зерттеу жұмысының болжамы: егер қарқынды дамып келе 
жатқан заманауи корей музыкасының жағымсыз тұстары басымырақ 
екеніне көз жеткізсек, онда ол қазақ жастарының мінез-құлқына 
кері әсер ететінін дәлелдеу болып отыр. 
Алдын ала жасалған мониторинг бойынша, берілген тақырыпта 
зерттеулер аз екені көрінді. «Корейлік толқын» біздің мемелкетімізде 
жаңа, әзірше толыққанды ғылыми зерттелмегендіктен негізгі 
зерттеу көзі Интернет-ресурсы болып отыр. 
Зерттеу жұмысының материалы азиаттық мәдениетке 
бағытталған ресейлік сайттардан алынып отыр. 
Жастар мәселесі қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің 
негізі. Жастар субмәдениеті мәселесін анықтау үшін, ең алдымен, 
«жастар» деген түсінікті қарастыру керек, яғни жастардың басқа 
топтардан айырмашылығын, жастардың жеке қасиеттері мен 
құндылықтарын, жастарға тән іс-әрекет пен жас тұлғаға әсер ететін 
факторлармен танысу қажет. Адамның жас шағы - құндылықтар 
жүйесінің қалыптасуы мен әлеуметтік статусының алғышарты 
болып табылады [1]. Сонымен қатар осы шақта жастарға жаңаға 
деген ұмтылыс, ерекше болып көріну, белсенді өмір салтын ұстану 
тән, сондықтан жастар арасында нормадан ауытқушылықтар, яғни 
әртүрлі ықпалдарға еліктеушілік, оның ішінде батысқа еліктеушілік, 
әртүрлі жастар субмәдениетіне ену көрініс табады. 
Мұндай топтарға жастар қай жолмен келеді немесе не әсер етеді 
дейтін болсақ, ол жастардың тікелей психологиялық ерекшелігімен 
байланысты, яғни ең алдымен, ата-аналары мен мектеп тарапынан 
болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса 
берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты 
ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының 
тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан 
болып келеді. Қазіргі жаһандану заманында елімізде жастардың өз 
орнын тауып, жеке әлеуметтік топ болып, дұрыс бағытта дамуы 
қиынға соғуда. 
Корейлік әндердің атақты болып жатқандығының бір кепілі 
– сол бағыттағы концерттердің ұйымдастырылып жатқандығынан 
көруге болады. 
Музыкалық жанрдың мінездемесіне келетін болсақ, кей-
поп-музыканың көптеп шығарылуы, оның коммерциялық бағыты 
үлкен сынға алынуда. Кей сыншылар жанр орындаушыларына 
американдық поп-музыкасына ойланбай жасалған имитициясы, 
түсініксіз және үстіртін сөздердің ағылшын тіліндегі мәтінімен 
араластырып айтып, жалпы түпнұсқаның болмауына айып тағуда. 
Ал кейбіреулері жанрдың алдамшы сыртқы эффектке ғана көп 
көңіл аударатыны жайлы сын айтуда. Бұған дәлел к-рор музыканың 
әлемде өте танымал болғанымен, америкалық нарықта орын 
таппауында болып отыр. 
Осы топтардың танымалдылығының негізгі факторы 
қатысушылардың музыкасы емес, олардың сырт келбеті, 
жанкүйрлерге деген қарым-қатынастары.
Корей музыкасының танымалды болуының тағы да негізгі 
себептері, олардың жанкүйерлерге қарай бағытталуы және 
жанкүйерлер үшін топ логотиптерінің түрлі киімдерінен бастап 
түсірілім шоу және жанкүйерлер мен әртістер арасындағы 
кездесулердің ұйымдастырылуы. Ресми түрдегі фанклуб жүйесі 
бар – фандомдар. Әр даңқы шыққан не танымал айдол топтың ресми 
фанклубтары бар. Сол фанклубтар өздерінің артистерін қолдау 
және танымал ету мақсатында белсенді жұмыс түрін атақарады 
[2, 57 б.]. Кумирларының атынан қайырымдылық шараларын да 
өткізіп тұрады. 
Қазақстандағы К-рор-лердің субмәдениеті басқа да субмәдениет 
сияқты өздерінің тәртібі, тілдік нормалары, модасы және басқа 
да факторлары бар. Нақ осы субмәдениеттің ерекшелігі өздерін 
«отбасы» деп атауында. 
К-поп негізінен бүкіл әлемді бей-жай қалдырып жатқан жоқ. 
Оның ішінде өзіміздің Қазақ стан да бар. 
Интернеттің арқасында осыдан 2 жылдай бұрын корей толқыны 
біздің де елге келіп жетті. Ал соңғы уақытта жастар кореялық 
сериалдарды тамашалап, музыкасын тыңдап қана қоймай, кәріс 
тілін үйренуге деген құлшыныс білдіруде. Сондай-ақ қазақстандық 
жастар кореялық танымал әншілердің, әртістердің елімізге келулерін 
сұрап, оларға түрлі хаттар жолдап, корейліктер ұйымдастырған түрлі 
байқауларға белсенді қатысып жүр. Әлеуметтік желілерде түрлі 
пабликтер мен блогтар ғана ашылып қоймай, байқап қарасаңыз, 
қазақстандық интернет контент біртіндеп K-pop-қа арналған 
сайттармен де толығып келеді. Қазіргі қазақ жастары «мен үшін 
K-pop деген энергияға, жастыққа, би мен көңіл көтеруге, жақсылық 
пен өжеттілікке толы әлем» деп бағалайды. Тіпті, әлемге таным 
болып жатқан Корей толқыны Қазақстандық «V-Alem» тобына да 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет