ЗАМАНАУИ КОРЕЙ МУЗЫКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АДАМҒА ДЕГЕН ӘСЕРІ КАБИДЕНОВА Д. А., МАЙМАҚОВА А. Е.
оқушылар, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Павлодар қ. АХМЕТОВА А. Е.
педагог-психолог, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Павлодар қ. Жастардың заманауи бағыттарын зерттеу әлеуметте үлкен
роль атқарады. Шығыс пен Батыстың мәдениетін синтездеу
өмірге жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Европалықтардың Азия
жайлы білімдерінің жүйелі түрде өсуіне, жаңаға, өзгеге деген
қызығушылық себеп оның әртүрлі сферадағы ғылымда белсенді
қолдануынан болып отыр.
Егер бұрын Европаның Азияға деген қарым-қатынасы
патернализм негізінде болса, қазіргі уақытта бұл политикалық арена
тіпті өзгеруде. Оңтүстік Кореяның мәдени политикасы Оңтүстік-
Шығыс Азиядағы мемлекеттерді әлем саясатының толыққанды
қатысушысы етеді.
Қазақстандық қоғамда европалық құндылықтарға көп көңіл
аударғандықтан, азиаттық мәдениет қазіргі уақытта элитарлы, көп
қажет етілмей қалуда.
Қазақ жастарының белгілі бір топтарында «корейлік толқын»
феноменіне деген қызығушылықтың өсуі - ғылыми жобаныңы
өзектілігіне әкелуде. Бұл феномен біздің мемлекетке интернет
желісі арқылы аз уақытта пайда болды. Сол себепті заманауи Корей
музыкасының қазақ жастарына әсерін зерттеуді мақсат ете отыра,
осы жұмысты зерттеуге көштік.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1) Корейлік К-рор музыкасына, мәдениетіне толық түсінік беру;
2) Біздің мемлекетте корей мәдениетінің, музыкасының
дамуының негізгі себеп-салдарын анықтау;
3) Белгілі жастар тобына Оңтүстік Корей музыкасының әсер
ету формаларын табу;
4) Әлеуметтік желілерде корейлік музыканың жанкүйерлеріне
онлайн сауалнама жүргізу;
5) Жанкүйерлер емес оқушылар мен қала тұрғындарына
сауалнама өткізу;
6) Сауалнама қорытындысын шығару.