- Қазақстан суретшісі А. Ғалымбаева туралы мағлұмат беру Қазақ бейнелеу өнерінде ерекше
орын алатын дара тұлға А.Ғалымбаева.
1967 жылы суретші қазақ әйелі Айша
Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
суретшісі атағы берілді. Бұл жылы ол елу
жасқа толған болатын.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы
19 декабрде туған. Ол 1943 жылы Алматы
көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық
мемлекеттік киномотография институтының көркемдік-сәндік
бөлімін бітірді.
А. Ғалымбаеваның алғашқы еңбектері «Абай әндері» (1949),
«Махаббат туралы поэма» (1954) кинофильмдеріне жасаған
еңбектері мен «Тоқымашылар» (1951), «Автопортрет» (1956) атты
станоктың картиналары.
Айша Ғалымбаева елуінші жылдардың соңында өзінің
талантымен қалыптасқан тәжірибесін көрсететін көптеген
картиналар жазды. Солардың бірі «Халық таланттары» (1957)
атты кескіндеме шығармасы. Картинада киіз үйдің ішінде отырған
үш әйел бейнеленген. Оларды киіз басу үстінде көреміз. Айша
Ғалымбаеваның «Халық таланттары» атты картинасы оның
шығармашылығының алғашқы беталысын көрсететін шығармасы.
Осындай шығармаларының бірі – «Халық шебері
Б. Бәсенованың портреті» (1958). Суретшінің «Батыр ана» (1960),
«Қазақстан әуендері» (1962) картиналарында сәнділік, түстердің
тұтастығы, бейнелілік пен образдылық айқындала түседі.Жетпісінші
жылдардың басынан бастап А. Ғалымбаева бірқатар пейзаж