3
Ғылыми-теориялық зерттеулерді іске асыру үшін оның әдістемесі қажет
екендігі соңғы кезде жиі айтылып жүр. Функционалды
стильдер тармағы
жіктеліп, олардың теориясы жасалғанмен,
оларды оқыту жолдары,
оқушыларға игерту, құзіреттіліктер қалыптастыру қажеттілігі біздің
жұмысымыздың негізгі өзегі болып отыр. Осы себептен де 9-сыныпта
фунционалды стильдерді түрлі әдіс-тәсілдермен оқытуға болады. Бірақ тілдік
портфель арқылы оқытудағы басты мақсат –
жоғары сынып деңгейінің
алдында тұрған 9-сынып оқушыларының функционалды стильдерді өз
беттерімен оқи алатындығын көрсету болмақ.
Тілдің кез келген саласын
тілдік портфель арқылы оқыту мәселесі бүгінгі күнге дейін қарастырылмаған.
Тақырыпқа сәйкес ғылыми зерттеулерді қарағанда тілдік портфель арқылы
оқытуға арналған зерттеулер тек ғылыми мақалалар
деңгейінде екендігі
байқалды. Арнайы зерттеу жұмысы жазылмағандықтан, бұл диплом жұмысы
тақырыбы өте өзекті деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: