Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет69/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021

НАУЧНЫЙ ПОИСК
Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда 
грамматикалық ережелерді меңгеріп
оларды түсініп, дұрыс қолдана білудің 
маңызы өте зор. Жаңартылған білім беру 
бағдарламасына сәйкес, лексикалық және 
грамматикалық тақырыпты меңгерту – оқу 
үдерісіндегі күрделі жұмыс. Мен қазақ тілі 
сабақтарында тіл нормаларына сәйкес 
грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, 
меңгеріп, орынды қолдана білу дағдыларын 
дамыту мақсатында оқылым мәтіндері, 
сөздер мен сөз тіркестері бойынша талдау 
жұмыстарын жиі жүргізу ұсынылады. 
Мәтінмен жұмыс істегенде, оқушыларды 
тілдік норма қағидаларымен таныстырып, 
ойын дұрыс айта білуге, сұрақтарды қоя 
білуге, берілген сұрақты түсініп, нақты 
жауап беруді үйрету ұсынылады. Ол үшін 
мәтінде кездесетін таныс емес сөздермен, 
сөз тіркестермен және меңгерілген жаңа 
сөздермен сөйлем құрастыруға, әңгімелей 
білуге, сөйлемдегі қызметін анықтауға 
дағдыландыру орынды. Әр сыныпта 
тақырыптар бойынша тест сауалдарын 
қолданып, жарыс, саяхат, ойын сабақтарын 
ұйымдастыруға болады. 
Әрине, жаңа заман сабағы дәстүрлі 
тақта мен бор арқылы емес, электрондық 
құралдардың көмегімен, интерактивті 
тақтамен оқушылардың белсенділіктерін 
арттыра отырып өткізілсе, пәнге қызығу-
шылық артады. 
Жеке тәжірибемде интерактивті 
тақтаны қолдана отырып, әр бөлімнен 
кейін «Білімпаздар сайысы», «Тіл білгірі» 
атты сыныптан тыс сайыс сабақтарын 
өткізіп тұрамын. Мұндай сайыс сабақтар 
балалардың бөлім бойынша алған 
білімдерін бекітуге орасан зор септігін 
тигізеді. Әрбір оқушының білім деңгейін 
талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік 
технологияларда қолдана отырып 
ұйымдастырылуы қажет. 
Сол үшін жаңа озық әдістемелік 
технологиялармен қаруланған, заман 
талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, 
яғни жаңа әдіс- тәсілдерді толық меңгерген 
педагог қана білім алушының сапалы 
білім алуына мүмкіндік жасайды[2]. Осы 
мақсатта қазақ тілінен бастауыш сынып 
оқушыларына арналған грамматика, емле, 
талдау жұмыстары бойынша көмекші 
құралдарды пайдаланамын. Оқытудың 
инновациялық технологияларын пайдалана 
отырып білім сапасын арттыру, сондай-ақ 
рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған 
ұрпақ тәрбиелеу - осы ұстанымдардан туып 
отырған өзекті мәселелердің бірі [3]. 
Қазақ тілі сабақтарында жаңа 
технологияларды қолданудың тиімділігі 
өте зор. XXI көшбасшысы – жаңашыл, 
ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы 
бүгінгі күн талабына сай жан-жақты 
дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан 
қарайтын, терең біліммен қаруланған 
оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де 
шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі 
уақыттың негізгі талаптарының бірі - бала 
шығармашылығының бастауын, қайнар 
көзін ашып, оны тұлғалық тұғырға көтеру, 
функционалдық сауаттылығын арттыру 
мұғалімнен талап етіледі[4]. 
Алайда, сабақ барысында тілдік 
нормаларды бала санасында бекітуде 
шығармашылыққа баулитын грамматикалық 
тапсырмалар берудің маңызы зор. Талдау 
тапсырмалары – тілдік құзыреттілікті 
дамытудың ең тиімді тәсілі. Оқушыға белгілі 
бір көлемдегі білім - білік, дағдыларды 
меңгерте отырып, жаңа педагогикалық 
технологияларды шебер пайдалана білу 
арқылы оқыту үрдісін демократияландыру 
және ізгілендіру, сабақтағы оқушының 
шығармашылық рөлін арттырып, 
сол арқылы оқушылардың даралық, 
интеллектуалдық және шығармашылық 
қабілеттерін шыңдап, тілдік құзыреттілігін 
арттыру мәселесі шешіледі. Оқушылардың 
тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатына 
қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту 
деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер 
қатарында болуға ықпал етеді. 
Ол үшін мұғалімге келесі бағыттарда 
жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады: 
- оқушылардың тұлғалық қабілеттерінің 
дамуы мен оның тілдің функционалдық 


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет