Кілт сөздер:
үздіксіз білім, қазақ тілі, грамматика, құзыреттілік, дағды.
Ключевые слова:
непрерывное образование, казахский язык, грамматика, компетенции,
навыки.
Key words:
continuing education, Kazakh language, grammar, competencies, skills.
Оқу-тәрбие жұмысының негізі –
сабақ. Сабақ-оқытудың барлық кезеңінде
мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін
тиімді әдістерінің жүйесі. Оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз
бетінше білімін толықтыруға дағдыландыру
сияқты жұмыстар сабақ барысында
жүзеге асырылады[1]. Бастауыш сынып
оқушыларының тіл байлығын молайту,
олардың тілдік құзыреттіліктерін арттыру
үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді
тиімді пайдалану мен грамматикалық
тапсырмаларды орындату маңызды.
Сонымен қатар, сабақта қолданылатын
мәтін мен жаттығулар балалардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес келуінің маңызы
зор. Пәнаралық байланыс болуына,
сабақтың өмірмен байланыстылығына
мән беру қажет. Оқушылардың ойлау,
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік
қорын молайту әр сабақтың міндеті болып
саналады.
|