18
Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы
азаматтың жанын тербері
сөзсіз.
Ел мен тіл – егіз ұғым. «Мәңгілік» сөзі бабалардан мирас болып келе
жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі – ана тілімен де тығыз
байланысты. Олай болса, мәңгілік
елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын
мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол– қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің қолданылуын
дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен
жалғасып келеді. Елбасы өз Жолдауында:«Мемлекеттік
тіл саласында жеткен
жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар!
Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың
тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,– деп ой түйді. Олай
болса, ана тілімізді мәңгілік тіл ету өз қолымызда.Алға қойған ұлы мақсаттары
бар, ертеңіне сеніммен қарайтын,
жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар,
рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Ендеше Елбасы
салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
Достарыңызбен бөлісу: