«Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция» арнайы бағдарламасын әзірлеу қажет болады.
Біз өз
транзиттік әлеуетімізді дамытуға тиіспіз. Бүгінде нәтижесінде
2020 жылы Қазақстан
арқылы
транзиттік тасымалдау екі есеге
ұлғаюы тиіс болатын бірқатар ірі жалпыұлттық
инфрақұрылымдық жобалар іске асуда.
2050 жылға қарай – бұл цифр
он есе ұлғаюға тиіс.
Осының бәрі басты мақсатқа – экспортымызды тек біздің өніміміз бен қызметтерімізге деген
ұзақ мерзімді сұраныс болатын
әлемдік нарықтарға қарай жылжытуға бағынуға тиіс.
Инфрақұрылым жасау, сонымен қатар,
табыстылық заңына бағынуға тиіс. Жаңа бизнестерді
дамытуға және жұмыс орындарын ашуға бастайтын жерде ғана құрылыс жүргізу қажет.
Шалғай өңірлерді немесе тұрғындарының тығыздылығы жеткілікті емес өңірлерді өмірлік маңызды
және экономикалық қажет инфрақұрылым объектілерімен қамту үшін біз