жеке компаниялардың өз
қаражатын зерттеулер мен инновацияларға салуын ынталандыру керек. Мына нәрсені баса айтқым келеді:
инновацияларды енгізудің маңызы зор,
бірақ бұл
басты нысана емес . Біздің жаңа технологиялар сұранысқа ие болғанда, олар нарықта қажет
болғанда ғана ел нақты пайда алатын болады. Олай болмаған күнде инновация – ақшаны босқа шығындау
деген сөз.
Жекелеген компаниялар мен салаларды іріктеп қолдау тәжірибесін тоқтату керек. Біз
әлеуметтік-маңызды стратегиялық функцияларды атқаратын және өзінің тиімділігін дәлелдейтін салаларды
ғана қолдауға тиіспіз.
Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет .
Біз ресурстарды экономикалық өсуді, ауқымды сыртқы саяси және сыртқы экономикалық уағдаластықтарды
қамтамасыз ету үшін Қазақстанның маңызды стратегиялық артықшылығы ретінде пайдалануға тиіспіз.
Қазірдің өзінде шикізаттың жаңа қаржылық күйреу жағдайында