«инфрақұрылымдық орталықтар» құруға тиіспіз. Бұл үшін көлік жүйесінің озыңқы инфрақұрылымын құруды қамтамасыз ету
қажет.
Үкіметке 2013 жылы Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеп,
қабылдауды тапсырамын.
Үшіншіден, мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту .
Қазақстан - әлемдік ауқымда көлемі шағын экономика. Сондықтан оны өте тиімді басқару қажет. Ел
біртұтас корпорация секілді жұмыс істеуі тиіс, ал мемлекет оның
өзегі болуға тиіс.
Корпоративтік ойдың қуаты
барлық процестердің біртұтас алып қаралуында жатыр. Барлық деңгейдегі
мемлекеттік басқарушылар осындай бизнес-пайымға үйренуге тиіс.
Қайталап айтамын:
елдің бюджетін жай бөліп қана қоймай, ойлы да салмақты инвестициялау қажет. Тиімділіктің басты өлшемі –
біздің салымдарымыздан түсетін қайтарым деңгейі. Елдің өндірістік
әлеуетін қаншалықты еселей алсақ, Қазақстан халықаралық нарықта