Карл Иванович Россидің шығармашылығы (1775-1849 ж.) К. И. Росси сәулетшілікті орыс сәулетшісі-декоратор В. Ф.
Бреннен оқыды, кейін екі жыл Римде білім алды. 1815 жылы
Гидравликалық жұмыстар құрылысына арналған комитеттің бас
сәулетшісі болып, 1816 жылы болашақ Александр театрының бір
жағын бойлай екі симметриялы саябақ павильонын қойып, Аничков
сарайының үй-жайын қайта құрды. Кейіннен Росси сарайды қайта
құру жұмысы мен Евлагин саябағын қайта жоспарлауды аяқтайды.
Шебердің ірі қала құрылыстық жұмыстары Михайлов
сарайының құрылысынан және оған жалғасып жатқан телімдерді
қайта жоспарлау мен құрылыс жұмыстарын жүргізуден басталады.