Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет2/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

КУРСТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
«Сәулет тарихы» оқу құралын сәулет мамандығына арналған 
орта арнайы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ дәрісханалық 
сабақтар мен дөңгелек үстелдер өткізуде арнайы пән оқытушылары 
пайдалануына болады.
Курстың мәні жергілікті мәдени-тарихи ортамен, қоғамның 
әлеуметтік құрылымымен, құрылыс техникасының дамуымен өзара 
байланыста қарастырылатын сәулетшіліктің пайда болуы және да-
муын зерттеу болып табылады.
«Сәулет тарихы» курсын оқу үдерісінде студенттер ғимараттар, 
имараттар архитектоникасының (конструктивтік жүйенің көркемдік 
түсіндірілуі), сондай-ақ белгілі тарихи дәуірде олардың түрлерінің 
қисынды дамуы туралы түсінік алады.
Курстың міндеті студенттердің сәулет дамуының сабақтастығы, 
ұлттық халық сәулетшілігінің ықпалы туралы түсінігін қалыптастыру 
болып табылады. Студенттер ұлттық және әлемдік сәулеттің негізгі 
ескерткіштерін, олардың пайда болу тарихын, авторларын білулері, 
олардың сәулет-көркемдік және конструктивтік шешімін кәсіби 
тұрғыда сипаттай алуы тиіс.
Оқу құралы жеті негізгі тараудан тұрады, соның ішінде бастысы 
тарихи дәуірлердегі отандық және шетелдік сәулеттің дамуына тән 
негізгісін ғана баяндау мақсаты қойылғандықтан көлемі шектелген 
«Дәрістік курс».
Белгілі тарихи сәулеттік мұраның қалыптасу кезеңдеріне сәйкес 
курс мазмұны 12 тарауды қарастырады.
Тараулардың материалдарын әдістемелік зерттеу: 
• қарастырылып отырған аймақтың жалпы сипаты, оның 
табиғи-климаттық ерекшеліктері, формасы, конструктивтік 
шешімі, типтік құрылыстардың әшекей соғу өнері;
• сәулет-көркемдік және конструктивтік шешім, автордың 
шығармашылық әдісін нақты талдай отырып аймақтың 
тарихи кезеңінің сәулет үлгісі ретінде жеке ғимараттар, 
кешендерді қарастыру;
• өнердің дамуына қысқаша шолу;


6
• тарау бойынша жалпы қорытынды сияқты тәртіпте 
жүргізіледі.
Әр тақырыпты оқып аяқтаған соң студенттерге атауы құралда 
келтірілген графикалық жұмыстар қатарын орындау ұсынылады.
Материалды тереңірек меңгеру мақсатында кейбір тақырыптарды 
өз бетімен оқу ұсынылады, осы оқу құралындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет