23
бағаналары төрт қырлы бағандар пішінінде орындалған. Баға-
налардың бірінші қатарындағы иероглифтер сары түске, ал екіншісі
көгілдір түске боялған. Діңмаңдайша қабырғалары түрлі түсті
бедерлі болып келген. Перғауын моласы тізбекбағанды залдың
астында, ал ашық аула еденінің астында перғауын әйелдерінің,
жақындардың қабірлері болған.
Жарды жарып кірген ансамбльдердің жалпы ұзындығы 300 м-ге
дейін жетеді.
Әйел-перғауын Хатшепсут ғибадатханасында (б.з.д. 1525-1503
ж.) сәулетші Сененмут Хатшепсутпен портреттік ұқсастығы бар
құдай ана Хатордың басы орнатылған гаторикалық бағаналар, әдемі
бедерлі бейнелер қолданылған.
Орта патшалықтың маңызды ансамбльдерінің бірі – ауданы
Аменемхет ІІІ тұсындағы 74 мың шаршы метр (305 х 244 м) аңыз
болған Лабиринт құрылысы. 1,5 мың жерүсті және соншалықты же-
расты бөлмелер қазына қоймасының күрделі құрылымын құрады,
олар таңдаулы абыз касталары үшін ғана ашық болды.
Орта патшалық өнері ақсүйектік сипатта болды. Бұл уақытта
бедер өнері жетіле түсті, қабырғалар ойылған пішінді сурет-
мәтіндермен боялып әшекейленді.
Орта патшалық мәдениетінің көтерілуі азиялық тайпалар
гиксостардың басып енуімен аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: