Луксордағы Амон ғибадатханасы (б.з.д. 1455-1251 ж.) Ғибадатхана көлемі жағынан біршама кіші. Жабық гүлдер бу-
дасы түрінде диаметрі 3,5 м 140 папирус тәрізді бағанамен ромб
пішінді залы бар. Жоспар пішіні Нілге қатысты ғибадатхананың ор-
наласуына себепші болды.
Ғибадатхана тіректері иілу беріктігі төмен тас архитрав
арқалықтармен жабылды, сондықтан бағаналар арасындағы
аралықтар шағын. Төсем жұқа тас тақталардан орындалды. Аспан
әсерін күшейту үшін әсембағандардың жоғарғы жағына төменнен
білінбейтін қабақтастар орнатылды.
Жаңа патшалық кезеңінде Ніл жағалауындағы Нуби жарта-
сында жартылай тасты және тасты сағаналар құрылысы жалғасты.
Пішіні жағынан бірегейі Абу-Симбелдегі Рамзес ІІ және оның әйелі
Нефертаридің тасты сағанасы болып табылады.