1.2.2-тақырып. б.з.д. ХХІV-VІІ ғасырлардағы Қосөзен және б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырлардағы Ежелгі Иран сәулеті ІV мыңжылдықтың басында-ақ алғашқы қалалар атамекені
саналатын бұл жерлерде ортақ материалдық және рухани мәдениеті
бар 20 мемлекет-қала құрылды. Қосөзен мәдениетін кезеңге
бөлу кезек-кезек мәдени орталық рөлін атқарған мемлекеттерге
байланысты шартты түрде келтірілген:
Шуммер-Аккад кезеңі - б.з.д. ІV мың. – 2300 жылдар; Вавилон кезеңі - б.з.д. 2150 – 1000 жылдар; Ассирия кезеңі - б.з.д. 1000 – 605 жылдар; Жаңа Вавилон империясы - б.з.д. 625 – 539 жылдар. Қосөзеннің негізгі құрылыс материалдары ретінде балшық,
қамыс, шыбық қолданылды.
Балшықтан күйдірілмеген кірпіш, ал имаратты қаптау үшін
күйдірілген немесе глазурлі кірпіш дайындады. Балшықпен сыла-
нып, қамыс пен шыбықтан жасалған өрме мен шарбақ қоршау
конструкциялары ретінде пайдаланылды. Қамыстан тығыз етіп
буылған байламдарды қамал және ғибадатхана құрылысында қаңқа-
арматура ретінде қолданған.
Тас пен ағаш жетіспегендіктен жергілікті пальмалардан
жасалған арқалық аражабындармен қатар кірпіштен салынған
тоғыспа аражабындар орнатылды. Сондықтан баған конструктивтік
элемент ретінде сирек қолданылды.
Су тасқынынан сақтандыру үшін ғимараттар битуммен сыланған
және желдету мен суды ағызуға арналған арналары бар ерекше
террасаларға салынды.