Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-тақырып. б.з.д. ХХІV-VІІ ғасырлардағы Қосөзен



Pdf көрінісі
бет20/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
1.2.2-тақырып. б.з.д. ХХІV-VІІ ғасырлардағы Қосөзен 
және б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырлардағы Ежелгі Иран сәулеті
ІV мыңжылдықтың басында-ақ алғашқы қалалар атамекені 
саналатын бұл жерлерде ортақ материалдық және рухани мәдениеті 
бар 20 мемлекет-қала құрылды. Қосөзен мәдениетін кезеңге 
бөлу кезек-кезек мәдени орталық рөлін атқарған мемлекеттерге 
байланысты шартты түрде келтірілген:
Шуммер-Аккад кезеңі 
-
 
б.з.д. ІV мың. – 2300 жылдар;
Вавилон кезеңі 
- б.з.д. 2150 – 1000 жылдар;
Ассирия кезеңі 
- б.з.д. 1000 – 605 жылдар;
Жаңа Вавилон империясы 
- б.з.д. 625 – 539 жылдар.
Қосөзеннің негізгі құрылыс материалдары ретінде балшық, 
қамыс, шыбық қолданылды.
Балшықтан күйдірілмеген кірпіш, ал имаратты қаптау үшін 
күйдірілген немесе глазурлі кірпіш дайындады. Балшықпен сыла-
нып, қамыс пен шыбықтан жасалған өрме мен шарбақ қоршау 
конструкциялары ретінде пайдаланылды. Қамыстан тығыз етіп 
буылған байламдарды қамал және ғибадатхана құрылысында қаңқа-
арматура ретінде қолданған.
Тас пен ағаш жетіспегендіктен жергілікті пальмалардан 
жасалған арқалық аражабындармен қатар кірпіштен салынған 
тоғыспа аражабындар орнатылды. Сондықтан баған конструктивтік 
элемент ретінде сирек қолданылды.
Су тасқынынан сақтандыру үшін ғимараттар битуммен сыланған 
және желдету мен суды ағызуға арналған арналары бар ерекше 
террасаларға салынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет