Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет22/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
9-сурет
10-сурет
Урдағы зиккурат (б.з.д. 3 мыңжылдықтың соңы)
Бұл аз сақталған зиккураттардың бірі 
(9-сурет).
Қазір 
зиккураттың биіктігі шамамен 20 м., алғашында 62,5 х 43 м және 
биіктігі 15 м негізгі платфомасы болған. Оның күйдірілген кірпішпен 


30
қапталған қырлары орнықтылық үшін ішке қисайтылған және қара 
битуммен сыланған. Тас террасада қосылатын 3 баспалдақ жоғарыға 
апарады. Жоғарғы қабаттар төменгі қабат ауқымына қарағанда бол-
машы. Келесі платформа қызыл, күйдірілген кірпішпен қапталған, 
жоғарғы терраса майланған. Ғибадахана көгілдір глазурлі тақтамен 
қапталған. Террасалар көгалдандырылса керек.
Кейінгі уақытта зиккураттарға тағы 4 қабат қосылды. Негізінде 
барлық зиккураттар 7 қабатты болды (ғаламшар санына қарай).
Қалаларда зиккураттардың айналасында тоғай отырғызылған 
қасиетті телім
құраған сарай құрылымдары орналасқан. Қала 
құрылысы тығыз, ретсіз орналасқан қала бөліктерінен тұратын. 
Қаланың сырт пішіні қисық қабырғамен қоршалған. 
Жерлеу имараттарының ішінде жерлеу камералары және сарко-
фагтары бар қорған түріндегілері ғана белгілі.
Б.з.д. 2300 ж. шамасында көтерілістердің салдарынан империя 
күйрейді.
Вавилон кезеңі
Қосөзен мәдениетінің келесі даму сатысы Вавилон кезеңі бол-
ды. 3-мыңжылдықтан бері аты әйгілі Вавилонды салып бітіріп, аста-
на етіп жариялаған Хаммурапи патшаның кезінде гүлдену шегіне 
жетті. Хамурапи қала бекіністері, жер өңдеу және жер суландыру 
имараттарының құрылысына ерекше көңіл бөлді. 
Патша және оның жақындарының сарайларын орналастыру өте 
шиеленісіп кетті. Қала қамалдарының қабырғалары суретпен және 
глазурлі тақтамен әшекейленді. Сарайларда айналасына сарайдың 
барлық бөлмелері топтастырылған ішкі аула ерекшеленді. Бұл 
кезеңде басты құдай Мардук Хаммурапидың құрметіне Вавилон 
мұнарасы деген атпен белгілі Этеманаки зиккуратын тұрғызуды 
бастады.
Құлдар көтерілісі, өзара тартыстар империяны әлсіретті, хет-
тердің басқыншылығы салдарынан Вавилон құлады.
Ассирия кезеңі
Төменгі Қосөзенге қарағанда Ассирия тас, орман және кен ор-
нына бай болды. Сонымен қатар мұнда Ассирияның құрылыс си-
патына әсер еткен әскери монархия қалыптасты, қамалдар, тас 


31
көпірлер мен жолдар тұрғызуға үлкен мән берілді. Патшалар мен 
оның жақындары үшін сарайлар тұрғызылды. 
Ассирия Шумер мен Вавилон өнері мен сәулетінің негізгі 
тәсілдерін үлгі етеді. Мысалы, биік тас шығыңқы іргелер, 
платформадағы құрылыстар, діни имарат ретінде зиккураттар.
Сарай құрылысының үлгісі ретінде Саргон ІІ сарайын атауға бо-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет