Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет21/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Шумер-Аккад кезеңі
Мәдениет негізі Тигр мен Евфраттың төменгі ағысында 
орналасқан Шумерде қаланады. Шумерлік қала-мемлекеттер мен 
аккадтық тайпалар арасындағы тұрақты күндестік Аккад жеңісімен 
аяқталды, мемлекет басына Саргон І патша келіп, ал Ур қаласы 
мәдениет орталығы болып жарияланды. Қалада көшелерден қалың 
қабырғасымен бөлектеніп тұрған екі қабатты құрылыс басым болды.
Қосөзенде солтүстік және оңтүстік деп аталатын, тұрғын үйдің 
2 түрі қалыптасты. Оңтүстік ғимараттың барлық бөлмелері ашық 
галереямен қоршалған ашық ішкі аула айналасында топтастырыл-


29
ды. Оның конструкциясы негізінде тым жеңіл толтырма салынып 
дайындалған ағаш арқалықтан жасалған қаңқа. Үйдің солтүстік 
түрінің ортасында ошағы бар зал бөлмесі орналастырылды. Ауқатты 
үйлер жоғары дәрежеде жабдықталған, тіпті, еденіне асфальт 
төселген ванна бөлмелері мен әжетханалары болды.
Тұрғын үй сәулеті сарай сәулетіне үлкен ықпал етті.
Осы кезеңде діни имараттардың негізгі түрлері қалыптасады.
Ғибадатхана
қала-мемлекеттің орталығы болды. Оның өзінің 
үй жанындағы шаруашылығы, құлдары болды. Ғибадатханалар 
биік жерлерге салынды және қосымша платформалармен көтерілді. 
Ғибадатханаға екі жақтан баспалдақтар немесе көлбеуше арқылы 
көтерілді. Әдетте, ғибадатханалардың 
зиккуратқа
– ғибадатхана пи-
рамидаларына айналатын көп сатылы негізі болған. Жоғарғы тер-
расада ғибадатхана орналасқан. Ғибадатхана әдетте, тік бұрышты 
немесе сопақ пішінді болып келеді. Платформа ғибадатхана шетіне 
жақын орналастырылған және ішкі ауласы болған. Ғибадатхана 
қабырғалары қуыспен тарамдалған, сыртында суреттері болса ке-
рек. Ғибадатханалар қайта салынғанымен ешқашан басқа жерге 
көшірілмеген. Зиккуратпен қатар «төменгі» ғибадатхана орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет