Ежелгі Қытай сәулеті (б.з.д. ХІ ғ.-ІІІ ғ.) «Чжоу», «Цинь» және «Хань» әулеті дәуірінде қалыптасқан
құрылыс мәдениеті; ағаш конструкциялардың дәстүрлі түрлері
(
«доу-гун» кронштейндер жүйесімен орындалған қаңқа), қорғаныс
имараттары (Ұлы Қытай қорғанының құрылысы). Ғимараттың
негізгі түрлері –
дянь, тай, лоу, тин . Діни-философиялық ілімдердің
(конфуцийшілдік, даосизм, буддизм) қытай сәулетінің қалыптасуына
ықпалы. Пагода діни имараттың ерекше түрі ретінде, оның пішінінің
үнді діни құрылыстарымен өзара байланысы.
Орталық және Оңтүстік Америка (б.з.д. VІІІ ғ.-ХV ғ.) сәулеті Майя халықтарының монументті имараттары және діни-
әкімшіліктік орталықтары: Тикаль, Ушмаль, Паленке қалаларының
сатылы пирамидалары, ғибадатханалары және сарайлары.
Құрылыс материалдары мен конструкциялары (қиыршықтас,
әктас ерітіндісі, тас, ағаш; жазық маңдайшалар, жалған тоғыспалар).
Қоғамдық және шаруашылық имараттары (стадиондар, резервуар-
лар).