Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет29/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.2.4-тақырып. Эгей (Крит-Микен)
әлемінің сәулеті (б.з.д. ХХХ-ХХІІ ғ.)
Антикалық сәулет негіздері барлық көршілес халықтардың 
жетістіктерін біріктіретін, мәдениеттің шапшаң дамуына мүмкіндік 
берген жүзім шаруашылығы, мал шаруашылығы және теңіз сауда-
сы дамыған Жерорта теңізінің Шығыс жағалауы мен Эгей теңізінің 
аралын мекендеген халықтардың ежелгі өркениетінде жатыр. Эгей 
әлемінің сәулетін шартты түрде: 
Троя кезеңі

б.з.д. ІV-ІІІ мыңжылдық;
Крит (Миной) мәдениеті -
 б.з.д. ХVІІІ-ХІV ғасырлар;
Микен кезеңі - 
б.з.д. ХІV-ІІ ғасырлар деп үш кезеңге бөледі.
Троя кезеңі
Эгей әлемін зерттеу ХІХ ғ. соңында Троя (Илиона) қаласы Гиссар-
лык төбесіндегі Генрих Шлиманның зерттеулері мен қазбаларынан 
басталды. Троя бірнеше ғасырлар бойы тұрғызылды. Салыстырмалы 
түрде мәдени ескерткіштерді жақсы күйде сақтаған 8 мәдени қабат 
есепке алынды, олардың астынан табылған 2-3 қабатты көнелігінен 
зерттеу мүмкін емес. 
Ең көне қабаттардың арасында сақталғаны ішінен тұрғын және 
діни имараттар табылған, берік қақпалар мен қабырғалары бар 
қамал – Троя 2.
Тұрғын имараттардың негізгі түрі – бөлме үлкен болған жағдайда 
қабырғаға немесе бағандарға тірелген, айқасқан арқалықтардан 
пайда болған төбесінде саңылауы, кіреберісінде лоджиясы бар, 
терезесіз, бойлық осімен ұзартылған, тік бұрышты немесе сопақ 
болып келген бөлме
мегарон
болып табылады. Ортасында шеңбер 
ошақ немесе мұржасыз темір пеш орналасқан. Мегарон түрі ежелгі 
грек сәулетінің дамуына үлкен ықпал етті: оның сұлбасы грек 
ғибадатханаларының негізіне айналды.


36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет