Троя кезеңіне тән белгілер 1. Бір жерге ұзақ уақыт бойы салынған қамал-қалалардың
шағын көлемі;
2. Тұрғын үйдің негізгі түрі мегарон;
3. Негізгі құрылыс материалдары тас (қамал, сарай, іргетас
қабырғалары), ағаш қаңқа және байланыстырғыштармен
күйдірілмеген кірпіш немесе сазбалшық толтырмамен ағаш қаңқа
конструкция болып табылады.
Крит (Миной) мәдениеті Б.з.д. ХVІІІ ғасырда (қола дәуірі) Крит аралында және іргелес
аралдарда Кіші Азиядан шыққан келімсектер жаңа мәдениеттің
негізін қалады. Аңыз бойынша жаңа мемлекеттің негізін қалаушы
Зевс пен Еуропа ұлы Минос патша болса керек.
Аралдарда барлығы халқының саны 2-4 мың адам болатын 90-
100 қала есепке алынған. Тау баурайында орналасқан бұл қалалардың
үйлері жүйесіз орналасқан. Мұндай қалалардың орталығында
басқарушы сарайы орналасқан. Осындай орталық-сарайлардың бірі
археолог Эванс ашқан Кносс сарайы болып табылады.
Кносс сарайы Аңыз бойынша Минос патшаның әйелі жартылай бұқа-жартылай
адам Минотаврды дүниеге әкеледі. Бұл масқараны жасыру үшін пат-
ша лабиринт түрінде сарай салдырады.
Кносс сарайы ежелгі құрылыс орнына салынған, 120 х 120
м. аумақты алып жатыр. Сансыз көп жер сілкіністерінің салдары-
нан қираған сарай қайта тұрғызылып жатты. Оның жеке алғашқы
ғимараттары біртіндеп үлкен тік бұрышты ішкі сарайдың айналасы-
на ортақ кешенге тұтасып кетті
(11-сурет). 2-3 қабатты террасалы ғимараттар баураймен төмендей түседі
және көптеген ұзын залдары, тұйық дәліздері бар. Бірінші қабатта
сансыз көп қойма бөлмелері, 2-3 қабаттарда діни және салтанатты
бөлмелер орналасқан. Тұрғын бөлмелер діңмаңдайша-баспалдақ
арқылы баруға болатын жеке шығыс блокқа бөлінген. Шетінде ше-
берханалар, малайлар мен құлдардың үйлері, құс қоралар орналасқан.