Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Ландшафтық сәулет негіздері туды. Микен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет33/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

6.
Ландшафтық сәулет негіздері туды.
Микен мәдениеті
Крит аралының мәдениеті материктік Микен мәдениетінің 
қалыптасуына үлкен ықпал етті. Шлиман және Эванс сияқты архео-
логтар мекендеушілердің киімі, діни және тұрмыстық заттарындағы 
байланысты анықтады. Микен молаларынан крит шеберлерінің 
ыдыстары табылды.
Микенге солтүстіктен Критті жаулап алған және Мысырға 
сәтсіз шабуыл жасаған грек-ахейліктердің ежелгі арғы аталары 
келді. Ахейліктер әкелген жергілікті дәстүр мен мәдениеттің бірігуі 
кезінде жаңа мәдениет пайда болды.
Микен елдімекендерінде ғибадатхана құрылыстары мен сарай-
лар қабырғалары дәутасты қалаудың (байланыстырғыш ерітіндісіз 
жонылған тас үйіндіден қалау, ежелгі гректер оны дәутасты деп 
есептеді) ірі тастарынан тұрғызылған акропольдің қасиетті телімін 
құрады.
Акрополь
– биікте орналасқан қала қамалы, қаланың діни-саяси 
орталығы.
Сарай құрылыстары бедер және әсем көрініс есебімен ортақ ке-
шен құрайтын ғимараттың жеке осьтік композициясымен еркін ор-
наластырылды. Ең жақсы сақталған акропольдердің бірі – Тиринф 
акрополі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет