Микен акрополі (б.з.д. ХІ ғасырдың 2-жартысы)
Акропольдің сарай, көптеген тұрғын, қойма және қабір
басындағы имараттары бар. Дәутасты қалау тастарының үлкен
салмағының арқасында акрополь қабырғалары төмен қарай
кеңейтілмейді. Микеннің әйгілі ескерткіші акропольге кіреберіс
қақпа болып табылады. Арыстан қақпалардың аралығы 3,5 м және
биіктігі 6 м жалған тоғыспасы бар. Оларды 1876 жылы Шлиман
тапқан
(12-сурет).
Қақпа Эгей әлемінде әйгілі екі арыстан бейне-
ленген тас бедермен безендірілген, олар дорикалық ордер бағананы
қорғап тұрғандай. Барлық бедер 168 т.
Қақпалар ортасында, жиналыс алаңының алдында батырлар
моласы бар. Алаң ортасында тас тақталардан шеңбер, ортасында
тостаған ұстаған алтарь орналасқан. Жақын жерде үш жауынгер
жерленген , тереңдігі 5,5, м 4 бұрышты шахта, әрірек тағы да 5 мола
(9 ер, 8 әйел және 2 бала) бар.
Крит-микен мәдениетінің жерлеу имараттары пішіні жағынан
ежелгі мегалит имараттарына ұқсас. Осындай имараттардың бірі
Микендегі Атрей мазары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |