Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет38/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.3. АНТИКАЛЫҚ СӘУЛЕТ
1.3.1-тақырып. б.з.д. ХІІ – б.з. І 
ғасырлардағы Ежелгі Грекия сәулеті
Антикалық грек мәдениеті өз мәдениетін, тіршілік ету және 
темірді қолдану тәсілдерін әкелген эхей, дорикалық, ионикалық 
және басқа тайпалардың («эллиндер» деген ортақ атауға ие болған) 
басып енуі мен ауысуы нәтижесінде Балқан түбегінде қалыптасты.
Ежелгі грек сәулетінің даму кезеңдері:
Гомер кезеңі 
- б.з.д. ХІІІ-ХІІ ғасырлар;
Архаикалық кезең
 - б.з.д. VІІ-VІ ғасырлар;
Классикалық кезең
 - б.з.д. V-ІV ғасырлар;
Эллинистік кезең
 - б.з.д. ІV-І ғасырлар.
Гомер кезеңінің сәулеті
Мәдениет пен өнер туралы Гомер поэмаларынан білуге болады, 
сондай-ақ Микенге қарағанда бұл кезеңнің мәдениет ескерткіштері 
анағұрлым дөрекі болып келген. Дорикалық тайпалар Микен 
аумағын басып алған соң крит-микен мәдениетінің жетістіктеріне 
еліктей бастады.
Тау бедері, жоғары сейсмикалық, оңай өңделетін тастар 
(әктас, мәрмәр) мен құрылыс ағаштарының болуы грек сәулетінің 
«техникалық» алғышарттарын анықтады. 
Тұрақ жайдың негізгі түрі Микендегідей бастапқыда 
күйдірілмеген кірпіш немесе саз балшықтан салынған артқы 
қабырғасы дөңгелектеніп келген мегарондар болып табылады. 
Кейіннен қаңқа, пішінді кірпіш және сүргіленген тас блоктарды 
қолданғаннан кейінгі ғимараттар тік бұрышты болып келген.
Ғибадатханалар әдетте қала алаңы – қоғамдық алаңға неме-
се бекініс қорған – акропольге жатады және ішінде ошақ орнын-
да құрбандық шалатын орны бар мегарон типтес (сәнжақтаулы 


42
ғибадатхана түрі) болып келген. Алғаш рет құрбандық шалатын 
орын аулаға шығарылады және Артемиданың екі астаукеңістікті 
ғибадатханасында Спартадағы ғибадатхана алдына қойылады 
(б.з.д. ІХ-
 
VІІІ ғасырлар). Ақырында алтарьды ғибадатхана алдына 
шығарып көрсету салты сақталып қалды, бұдан Грекия мәдениетінің 
демократиялық сипатын көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет