Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет39/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Архаикалық кезең сәулеті
Қалалардың өсуі және полистің қалыптасуымен қоғамдық 
үстемдік ететін құрылыс ретінде құлиеленуші құрылыс қалыптасады. 
Ірі жериеленушілер бос азаматтарға – қолөнерші қала тұрғындары 
мен ұсақ жериеленушілерге сүйенеді.
Әлемдік сәулет тарихында алғаш рет қоғамдық ғимараттар: 
классика кезеңіндегі типологиялық алуан түрлі 
булевтерилер, лесха-
лар, театрлар
пайда болды.
Грек дінінің өзгешелігі: антропоморфизм (адамға ұқсастық) 
және қол жетімділік айтарлықтай дәрежеде діни сәулеттің дамуы-
на ықпал етті. Дәстүрлі қала ғибадатханаларымен және қасиетті 
телімдермен қатар алдында құрбандық шалатын орны бар жалпы 
эллинистік ғибадатханалар құрылысы басталады. Діни рәсімдер 
кез-келген адам қатыса алатын салтанатты шерумен жарқын мереке 
түрінде өткізілді. Сондықтан ғибадатханалар шерулер көрінетіндей 
етіп орналастырылды, бұған Грекияның жер бедері де лайық болды.
Құрылыста құрылыс ағашын, мәрмәрді, оңай өңделетін 
әктасты пайдалану және күйдірілмеген кірпішті тас блоктармен 
алмастыру құрылыс элементтерін стандарттауға әкеледі, грек 
ғибадатханаларының белгілі түрлері қалыптасады 
(14-сурет).
Жалған қостізбе бағанды ғибадатханада және жалған айна-
ла бағаналы жайда бағаналарды шығару көп кездеспейді және 
бағаналардың орнына жартылай бағаналар пайдаланылады. 
Ғибадатханалар көлемі үнемі ұлғайып, ал 
целлалар (наос)
аза 
йып отырады.
Тас өңдеуді жеңілдеткен темір құралдарды қолданудың 
арқасында алдымен ғибадатхана қабырғалары, кейін бағаналар мен 
аражабындар тастан тұрғызылды. Сонымен ағаш конструкциялардың 
қалыптасқан пішіндері тас пішіндермен алмастырылды.
Архаика дәуірінде ғибадатханалар салу үшін оңай өңделетін әктас 
қолданылды. Бір-біріне қиюластырылған блоктар құрғақ күйінде 


43
қаланып, саңылау жерлеріне қорғасын құйылып, темір істікпен және 
қапсырмамен бекітілді. Құрастыру қағидасы бөлшектерді өңдеуде 
үлкен дәлдікті және жұмыстардың ойластырылған жүйелілігін та-
лап етеді, сондықтан құрылыста белгілі стандарттар қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет