Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Эфестегі Артемида ғибадатханасы (б.з.д. 550-356 ж.)



Pdf көрінісі
бет42/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Эфестегі Артемида ғибадатханасы (б.з.д. 550-356 ж.)
Б.з.д. VІ ғасырда Эфес қаласы гүлденуінің шырқау шегіне жетті. 
Аңыздар желісі бойынша қала қамқоршысы Зевс пен Летоның қызы, 
Аполлонның қарындасы Артемида болды. Ол Ай және аңшылық 
құдайы, тазалық пен жас босанған әйелдердің қамқоршысы ретінде 
танылған. 
Кносс қаласының тұрғыны сәулетші Херсифрон алғаш рет 
ғибадатхананы әктастан емес, мәрмәрдан тұрғызуды ұсынды.
Ғибадатхана Кайстра өзенінің бойындағы батпақты алаңға са-
лынды, бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғимарат батпаққа 
батып кетпес үшін, оның негізінің астына ағаш көмірі мен жүн 
толтырылған терең азаншұңқыр қазылды.
Харсифроннан кейін құрылысты оның ұлы Метаген 
жалғастырды. Әсем волюталарды бүлдіріп алмау үшін бағаналарға 
қойылатын архитрав құм толтырылған қаптарға жатқызылды. Кейін 
құрылысты Пеонит пен Деметра жалғастырды. Б.з.д. 550 жылы 
ғибадатхананың «ашылуы» болды. Ғибадатхананың ұзындығы – 
110, ені – 55 метр, құрылысты қоршап тұрған 2 қатар бағаналардың 
биіктігі 18 метр болған. Барлығы 127 бағана. Ғибадатхана төбесі 
алғаш рет жабынқышпен емес, мәрмәрмен жабылған.
Б.з.д. 356 жылы Эфес тұрғыны, атаққа шөлдеген есер Герострат 
деген біреу ғибадатхананы өртеп жіберді (бұл оқиға Александр 
Македонский дүниеге келген түні болды, кейін ол ғибадатхананың 
қайта қалпына келтірілуіне қол ұшын береді).
Қала тұрғындары таңғаларлық ғибадатхананы қайта салуды 
жөн көрді. Сәулетші Хейрократ айналасында соңғы 100 жыл ішінде 
тұрғызылған құрылыстардан биік көрсету үшін ғибадатхананың са-
тылы негізін көтерді. 
Ғибадатхана іші мәрмәр тақталармен қапталды. Бас залда алтын 
әшекейлермен және асыл тастармен көмкерілген биіктігі 15 м Арте-
мида мүсіні тұрды. Алтарьды безендіруді Пракситель орындаса, ал 
бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысты. 


46
263 жылы Артемида ғибадатханасын готтар қиратты. Бағаналар, 
қаптаманың біршамасы Византияға тасылды. 
Ғибадатхананың ионика ордерінің әшекейбедері болмағанмен, 
бағаналардың төменгі барабандары мүсіндермен безендірілді. 
Ионика және коринф ордерлері (кейіннен пайда болған және Гре-
кияда кеңінен қолданылмаған. Оның анфар жапырақтарының қатары 
мен шағын волюттерден орындалған негізі, ойық тікжолақтары, сәнді 
әсембағандары бар биік бағаналары болды) көбінесе, ғибадатхана 
және тұрғын үйлердің интерьерлерін безендірді 
(17-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет