Афина Промахос (жауынгер әйел) мүсіні (465-455 ж.) Афина маңындағы парсылармен шайқаста жеңіс құрметіне
Фидий қоладан тоғыз метрлік мүсін жасады. Ежелгі ақшалардағы
бейнелерде Афина оң қолымен найзаға сүйеніп, сол қолына қалқан
ұстап тұр. Ол агора орналасқан қаланың солтүстік бөлігіне қарап
тұр. Әктастан тұрғызылған тұғыр ізі Пропилейден шығысқа қарай
40 метрдей жерде және шамамен, Парфенонға дейін жарты жолда
сақталған. 50 жылдан соң ескерткіш аяқталған соң мүсінші Мис
Афина қалқанына гректердің кентаврлармен шайқасын бейнеледі.
Орта ғасырларда мүсін балқытылса керек.