51
Қайталанбас үшін, оларды дайындауға әртүрлі суретшілерге тапсы-
рыстар беріліп отырған. Әдемі өңдеудің арқасында ірі ғибадатхана
кіші және әсем болып көрінеді.
Акропольдің оңтүстік-шығыс бұрышында бүгінгі күні жалпы
композицияны бұзбас үшін шағын етіп, жерге тереңдетілген Акро-
поль мұражайы салынған. Бұл жерде Акропольден табылған мүсін
ескерткіштері сақталған.
Грекияның өркендеуімен оның отарындағы қалалар да өсіп-
өркендеді. Қалаларды жоспарлы салудың шапшаң қарқындылығы
жүйелі жоспарлау қағидасын әзірлеуге
деген қызығушылықты
оятты.
Жүйелі жоспарлау
элементтері б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларда
қалыптаса бастағанымен, қаланы жүйелі жоспарлауды ойлап тапқан
Милеттен шыққан сәулетші Гипподам (б.з.д. V ғ.) болатын.
Гипподамдық
жүйенің ертедегі үлгілерінің бірі б.з.д. V-ІV
ғасырларда Македониядағы қала Олинфаны жоспарлау болып
табылады.
Қала тұрғын құрылыстармен қоса, қоғамдық имарат-
тардан тұратын жеке қала бөліктерінен құрылды. Олинфа (100 м)
қаласының көлемі жағынан стандартты, тұрғын қала бөліктері
жүргізілген
арна орының тақталарымен, аражабындар орнатылған
жолмен екіге бөлінді. Екі бөліктің әрқайсысы периметрі бойынша
салынған 5 аулаға бөлінді.
Ежелгі Грекиядағы
тұрғын үйлер
тас іргетасқа күйдірілмеген
кірпіштен тұрғызылды. Террасалар мен кіреберіс діңмаңдайшалар
дың аражабындары,
баспалдақтары, тіреулеріне ағаш, шатырына
- жабынқыш, еденіне – топырақ пайдаланылды. Аса бай үйлердің
едендері
тас тақталардан, қабырғалары сыланып, таскестемен
жабылып, сылақнақыштар орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: