Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Афинадағы Лисикрат ескерткіші (б.з.д. ІІ ғ.)



Pdf көрінісі
бет56/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Афинадағы Лисикрат ескерткіші (б.з.д. ІІ ғ.)
Бұл – ән салу жарысында жеңіске жеткен қарапайым қала 
тұрғынына арналған ескерткіш. Ол сыйлықты сақтауға арналған бо-
латын. Негізі төртбұрышты, ал ескерткіштің көлемі – цилиндр тәрізді 
болып келген. Қасбетте коринф ордерінің 6 бағанасы қолданылған. 
Жабыны – шатырлы.
Эллинистік кезеңге тән ерекшеліктер
1.
Сәулет стиль бірлігін жоғалтады.
2.
Экономикалық түсініктер бойынша имарат өлшемдері азая-
ды.
3.
Мемориалдық және монументтік имараттардың жаңа түрлері 
пайда болады.
4.
Интерьерлерде сәнді коринфтік ордер қолданылды.
5.
Жоспарлаудың гипподам жүйесі кеңінен таралады.
6.
Өнерде – бөлшектердің молдығы, декоративизм, элемент-
тердің уақталуы, жарық пен көлеңкенің құбылуы жолға 
қойылады.
1.3.2-тақырып. Ежелгі Рим сәулеті б.з.д. VІІІ-V ғ.
Ежелгі Италия мәдениеті ежелгі италиктер мен этрустар 
мәдениетінің бірігуі кезінде және грек мәдениетінің ықпалымен Ап-
пенин түбегінде қалыптасты.
Италия таулары орман мен тасқа бай: таутезек, базальт, әктас. 
Сондықтан ежелгі Италиядағы негізгі құрылыс материалы тас және 
күйдірілген кірпіш болып табылады. Вулкан күлін 
(пуццолана)
жергілікті халық бекіткіш ерітіндіге беріктік пен суөткізбеушілік 
қасиет беретін байланыстырғыш материал ретінде бұрыннан 
пайдаланған. Ерітіндіні пайдалану қалауға дөрекі өңделген тас-


58
ты қолдануға мүмкіндік берді, ал ерітіндіге қиыршықтасты қосу 
бетонның 
пайда болуына әкелді.
Ерітіндіде тас және кірпіш қалауын қолдануға байланысты 
Ежелгі Италия құрылысының тағы бір ерекшелігі үлкен аралықтарды 
жабуға мүмкіндік беретін 
аркалық және дұрыс тоғыспалы кон-
струкцияларды
пайдалану болып табылады. Мұндай конструк-
циялар тек азаматтық құрылыста ғана емес, сонымен қатар толып 
жатқан 
инженерлік имараттарды
тұрғызуда да пайдаланылды: 
арна көпірлер, виадуктер.
Антикалық Италия сәулетінің тарихы: 
Этрус-архаикалық кезең - б.з.д. VІІ-V ғасырлар;
Рим республикасының сәулеті - б.з.д. ІV-30 жылдар;
Рим империясының сәулеті - б.з.д. 30-476 жылдар;
Рим империясы ыдыраған кезеңдегі сәулет - V ғ. соңына дейін 
болып төрт кезеңге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет