59
Ғибадатхана құрылысында этрустардың іскерлігі байқалды.
Олар бір төбенің астына үш целланы (ғибадатхана) біріктірді,
сондықтан ғибадатхана бір уақытта үш
құдайға бірдей қызмет
көрсетті. Ғибадатхана бір жағында баспалдағы бар биік
нарға
қойылды. Мысалы, Орьвьетто ғибадатханасы (б.з.д. ІV ғ.).
Діни имараттар қала сыртына шығарылған, жарықтандырылған
телімдерге орналастырылды. Жерлеу
рәсімі жерлеу қорғандары
– тумулустарда өткізілді. Олардың диаметрі 20-30 м-ге жетті. Та-
быт салынған сауыттар –
канопалар
тұрғын үй пішінін, кейін өлген
адамның мүсінін елестетті. Жүздеген тумулустар жойылғанымен,
Вульчи жанында, Вейде, Тарквинийге жақын Картонда кездеседі.
Этрустар мәдениеті Римде біраз
уақыт Этрус патшаларының
әулеті үстемдік еткен шақта гүлдену шегіне жетті, кейін ол римдік
мәдениетпен бірігеді.
Достарыңызбен бөлісу: