56
дейін және Қара теңізден Мысырға дейінгі кең байтақ аумақты алып
жатқан бірнеше эллинистік мемлекеттерге бөлінеді.
Македондықтардың
алға басып, жаңа жерлерді отарлап алуы
нәтижесінде
жаңа қалалар тұрғызылып, ескілері кеңейтіліп,
қайта
қалпына келтірілді. Стихиялы құрылыстың орнын жүйелі құрылыс
басты, эллинистік мәдениет жергілікті дәстүрлер ықпалымен өзгере
отырып, кеңінен тарайды.
Гипподам жүйесі қалаларды қайта құруда дами түсті, мысалы,
қоғамдық және діни орталықтар айқын ерекшеленетін Милет және
Приен қалалары. Кейбір қалалар жер бедеріне сай орналастырылған.
Пергамда акрополь имараттары орталық қолайлы ашық алаңдарда
композиция орталығы 14 мың көрерменге арналған театр болатын-
дай теңізге қарай төмен етіп көркем өрістелген.
Сәулет пен өнерде классика қарапайымдылығы мен
монументтілігі сәулет айқындығына
жетудің қосымша тәсілдері
ретінде динамизммен,
бөлшектердің уақталуымен, молдығымен,
жарық
және көлеңкенің құбылуымен, биіктік құламасын белсенді
пайдаланумен алмасады.
Діни құрылыстарда ғибадатханалар
шағын көлемді етіп
тұрғызылады және неғұрлым іскери сипатта болады. Қоғамдық және
діни сипаттағы алаңдарды жинақтау идеясы бағанды ғимараттар
құрылысының көмегімен жүзеге асырылады. Төмендегілер осыған
мысал бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: